Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 20.11.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 28.07.2015 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 20.11.2017 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгертуге берілсін:
1) Геологическая кошесі - Геологтар көшесі
2) Набережная көшесі - Жағалау көшесі
3) Комарова көшесі - В. Комарова көшесі
4) Подхоз Юлия көшесі - Жастар көшесі деп қайта атау берілісін
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктау ауылдық округінің әкімі | Б. Жұмағалеев |