Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес Алматы облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы "05" қаңтардағы № 1-1 шешімімен бекітілген |
Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары
1. Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес әзірленді.2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) заңнамалық нормаларды сақтаумен өткізіледі, техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, ғимараттарды пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай келуге тиіс.
3. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде және оларға іргелес аумақтарда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
4. Аталған аумақтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында шыны ыдыстағы өнімдерді әкелуге және ішуге тыйым салынады.
5. Бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып келесі шараларды ескеру қажет:
1) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға тыйым салу;
2) шыны ыдыстағы өнімдерді алып өтуді және ішуді бақылау.
6. Бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгілеген жауапкершілікке әкеп соғады.
7. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.