Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнiмділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қауылысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына;
жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру қызметін жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2- қосымшасына;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 3, 4-қосымшаларына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Көшкімбаев Айтбай) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне осы қаулын аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін, облыс әкімдігі сайтында ресми орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы | |
облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" ақпан № 73 қаулысымен бекітілген 1 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге 2015 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" ақпан № 73 қаулысымен бекітілген 2 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын 2015 жылға арналған өлшемдер мен талаптар
1. Жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.2. Жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ірі қара малдың және қойлардың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу анықтамасы.
3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
4. Отандық асылдандыру орталығынан ірі қара малының аналық мал басына (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" ақпан № 73 қаулысымен бекітілген 3 қосымша |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" № 73 қаулысымен бекітілген № 4 қосымша |