РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "23" ақпан № 92 қаулысымен бекітілген |
"Алматы облысының туризм басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарманың ведомстволары бар, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде көрсетілген.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 67 а.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысында туристік саланың дамуы үшін жағдайлар жасау.15. Мақсаттары мен міндеттері:
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
3) Алматы облысының туристік өнімін ұсыну.
16. Функциялары:
1) Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Алматы облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
4) Алматы облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
7) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілеріне мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұллғалар туралы ақпаратты береді;
9) туристік ақпарат орталығын құрады;
10) Қазақстан Республикасының лизензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен туристік шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен туристік шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде туристік саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру.
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімше басшысының, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарманың қарамағындағы құрылымдық бөлімше басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
5) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы құрылымдық бөлімше басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады және құрылымдық бөлімшенің Ережесін бекітеді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Басқарманың мүлкі
22. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) "Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.