"Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 94 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 26 наурызда № 3109 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 16.01.2024 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" ақпан № 94 қаулысымен бекітілген

"Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Алматы облысының ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар, "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде көрсетілген.
      3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.                             
      11. Осы Ереже "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дамушы экономика жағдайында тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуге, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ауыл шаруашылығы басқару саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуіне жәрдем ету;
      2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз ету;
      3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
      4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
      5) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
      6) мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
      16. Функциялары:
      1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
      5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
      6) облыс бойынша тұқымдар балансын жасайды;
      7) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуді жүзеге асырады;
      8) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      9) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
      10) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      11) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      13) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
      14) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
      15) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      16) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      17) тұқымдардың мемлекеттік ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      18) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
      19) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
      20) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерінің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      21) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      22) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
      23) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірбиені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
      24) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялайды;
      25) табиғи – климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландырады, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіреді және енгізеді;
      26) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тынайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;
      27) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеруді;
      астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылуды жүзеге асырады;
      28) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады;
      29) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организимдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
      30) ауылшаруашылық тауар өндірушілерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялайды;
      31) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар–материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға себептеседі;
      32) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тынайтқыштардың (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандатуға жәрдемдеседі;
      33) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға жәрдемдеседі;
      34) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;
      35) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, оларды, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, оның ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      36) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
      37) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғын мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексереді;
      38) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз береді;
      39) астық қабылдау кәсіпорындарының: қолданыстағы заңнамаға сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      40) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);
      41) қолданыстағы заңнамада көзделген астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
      42) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізеді;
      43) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      44) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желiсiн дамытады және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады;
      45) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастырады;
      46) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
      47) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қою мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
      48) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      49) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
      50) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеуді жүзеге асырады;
      51) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      52) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
      53) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
      54) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
      55) ірі қара малдың тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
      56) құндылығы жоғарғы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
      57) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      58) конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға бередi;
      59) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi, оның iшiнде жердi гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      60) тиiстi аумақтарда су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi;
      61) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      62) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
      63) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейдi;
      64) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзу және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асырады;
      65) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерiн бөледi;
      66) бірінші сұрыпты ұннан жасалған пішінді нан бағасын төмен деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдайды;
      67) агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      68) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін заңнамаға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      69) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициалық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтырады;
      70) кепілдірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітеді;
      71) қайта өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялайды;
      72) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылық саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының, "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      4) "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманың қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      1) "Ақши-агросервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Алматы облыстық санитарлық ветеринарлық-залалсыздандыру жасағы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области"

Постановление акимата Алматинской области от 24 февраля 2015 года № 94. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 26 марта 2015 года № 3109. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 16 января 2024 года № 12

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 16.01.2024 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 7) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области".
      Возложить на руководителя Управления опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет – ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет – ресурсе акимата области.
      Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области С. Бескемпирова.
      Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Баталов

  Утверждено постановлением акимата Алматинской области от "24" февраля 2015года №94

Положение государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере сельского хозяйства Алматинской области.
      2. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" имеет ведомства, указанные в перечне государственных учреждений, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области".
      3. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Место нахождение юридического лица: индекс 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, улица Кабанбай батыра, № 26.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" осуществляется из областного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Алматинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области".
      Если государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Алматинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области": проведение единой государственной политики в области управления сельским хозяйством, направленной на обеспечение населения продуктами питания, промышленности – сырьем, увеличения экспортных возможностей аграрного сектора в условиях развивающейся экономики.
      15. Задачи:
      1) содействие во внедрение передовых технологий в отрасли сельского хозяйства;
      2) обеспечение индустриально-инновационному развитию в сфере сельского хозяйства;
      3) осуществление государственного регулирования в области развития агропромышленного комплекса;
      4) осуществление государственного регулирования в области семеноводства;
      5) осуществление государственного регулирования в области растениеводства;
      6) осуществление государственного регулирования в области животноводства.
      16. Функции:
      1) осуществляет государственный контроль в области семеноводства;
      2) реализует государственную политику в области семеноводства;
      3) вносит на рассмотрение в уполномоченный орган предложения по объемам производства и реализации элитно-семеноводческими хозяйствами элитных семян;
      4) проводит аттестацию субъектов семеноводства и лабораторий по экспертизе качества семян с выдачей соответствующего свидетельства;
      5) ведет государственный электронный реестр разрешений и уведомлений;
      6) составляет балансы семян по области;
      7) осуществляет частичное возмещение стоимости затрат на закладку и выращивание многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям;
      8) обеспечивает предоставление в уполномоченный орган в сфере сельского хозяйства необходимой информации в области семеноводства сельскохозяйственных культур;
      9) содействует в пределах компетенции формированию сельскохозяйственными товаропроизводителями страховых и переходящих фондов семян;
      10) вносит предложения по схемам и методам ведения первичного, элитного семеноводства и массового размножения семян сельскохозяйственных культур;
      11) осуществляет контроль за исполнением порядка осуществления сортового и семенного контроля, проведения апробации сортовых посевов, грунтовой оценки, лабораторных сортовых испытаний, экспертизы качества семян;
      12) устанавливает предельную цену реализации на подлежащие субсидированию семена в пределах квот по каждому виду семян, подлежащих субсидированию;
      13) определяет ежегодные квоты по каждому виду семян, подлежащих субсидированию:
      по оригинальным семенам – для каждого аттестованного субъекта в области семеноводства;
      по элитным семенам – для каждой административно-территориальной единицы;
      14) контролирует целевое использование просубсидированных оригинальных и элитных семян;
      15) организует подготовку и повышение квалификации кадров апробаторов и семенных экспертов;
      16) осуществляет контроль за соблюдением нормативных правовых актов по проведению экспертизы сортовых и посевных качеств семян сельскохозяйственных растений;
      17) осуществляет контроль за количественно-качественным состоянием государственных ресурсов семян;
      18) на основании предложения государственного инспектора по семеноводству приостанавливают:
      действие свидетельства об аттестации, удостоверяющего право субъекта на осуществление деятельности в области семеноводства;
      деятельность по проведению экспертизы сортовых и посевных качеств семян;
      19) запрашивает и получает от страхователя, страховщика, агента и общества информацию и документы, необходимые для осуществления им своих контрольных функций;
      20) осуществляет государственный контроль за выполнением производителями продукции растениеводства обязанности по заключению договора обязательного страхования;
      21) осуществляет контроль за деятельностью агента, общества, соблюдением ими законодательства Республики Казахстан об обязательном страховании в растениеводстве;
      22) рассматривает дела об уклонении от заключения договоров обязательного страхования страхователями и несоблюдении обществом требований законодательства Республики Казахстан о взаимном страховании;
      23) разрабатывает и реализует мероприятия по распространению и внедрению инновационного опыта в области агропромышленного комплекса региона;
      24) лицензирует деятельность по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок;
      25) оптимизирует структуры зернового производства с учетом природно-климатических условий и рыночной конъюнктуры, совершенствования и внедрения новых прогрессивных технологий производства, хранения и реализации зерна;
      26) осуществляет удешевление отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям стоимости минеральных удобрений, протравителей семян и гербицидов в соответствии с бюджетными программами;
      27) осуществляет контроль за хлебоприемными предприятиями, включающий:
      ежегодное обследование хлебоприемных предприятий на предмет готовности к приему зерна нового урожая в соответствии с утвержденными графиками;
      оформление актов обследований хлебоприемных предприятий;
      28) приостанавливает действие лицензии на право осуществления деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок в целом или в части осуществления отдельных операций на срок до шести месяцев в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      29) обеспечивает проведение мероприятий по борьбе с вредными организмами в соответствии с перечнем и порядком, определяемыми Правительством Республики Казахстан;
      30) субсидирует стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям;
      31) способствует повышению урожайности и качества продукции растениеводства, удешевления стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и возделывания сельскохозяйственных культур в защищенном грунте;
      32) содействует удешевлению отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям стоимости удобрений (за исключением органических);
      33) содействует удешевлению сельскохозяйственным товаропроизводителям стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений;
      34) лицензирует деятельность по производству (формуляции), реализации и применению пестицидов (ядохимикатов);
      35) вносит предложения по объемам, структуре, правилам формирования, хранения, освежения, перемещения и использования государственных ресурсов зерна;
      36) осуществляет мониторинг зернового рынка в пределах административно территориальной единицы;
      37) проверяет фактическое наличие и качество зерна у участников зернового рынка и соответствия его отчетным данным;
      38) подает в суд заявления о введении и досрочном завершении временного управления хлебоприемным предприятием;
      39) осуществляет контроль за соблюдением хлебоприемными предприятиями правил: ведения количественно-качественного учета зерна; хранения зерна; выдачи, обращения и погашения зерновых расписок в соответствии с действующим законодательством;
      40) инспектирует (проверяет) деятельность хлебоприемных предприятий на предмет соблюдения требований по ведению количественно-качественного учета и обеспечению сохранности зерна в соответствии с данными реестра зерновых расписок;
      41) налагает запрет на отгрузку любым видом транспорта зерна с хлебоприемного предприятия при наличии оснований, предусмотренных действующим законодательством;
      42) вносит предложения в местный исполнительный орган области о приостановлении действия и (или) лишении лицензии на право осуществления деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок;
      43) вносит предложения по введению временного управления хлебоприемным предприятием;
      44) развивает сеть машинно-технологических станций (сервис-центров) и осуществляет мониторинг их деятельности;
      45) организует обновление машинно-тракторного парка и технологического оборудования;
      46) осуществляет государственную регистрацию тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      47) осуществляет государственную регистрацию залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      48) проводит ежегодный государственный технический осмотр тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;
      49) осуществляет предоставление информации об отсутствии (наличии) обременении тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;
      50) осуществляет регистрацию лиц, управляющих тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами и механизмами, а также специальными машинами повышенной проходимости по доверенности;
      51) реализует государственную политику в области племенного животноводства;
      52) ведет и издает государственного регистра племенных животных;
      53) ведет учет данных в области племенного животноводства по утвержденным формам;
      54) осуществляет субсидирование мероприятий, направленных на сохранение и восстановление генофонда племенных животных, в том числе пород с ограниченным генофондом;
      55) распределяет с учетом предложений республиканских палат по породам крупного рогатого скота и иных общественных объединений, осуществляющих деятельность в области животноводства, субсидии на племенную продукцию (материал) в пределах бюджетных средств, предусмотренных на указанные цели;
      56) обобщает данные о бонитировке и информирует заинтересованных лиц о ее результатах в целях стимулирования эффективного использования высокоценных племенных животных;
      57) управляет водохозяйственными сооружениями, находящимися в коммунальной собственности, осуществляет меры по их защите;
      58) вносит предложения по предоставлению водных объектов в обособленное и совместное пользование на конкурсной основе в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      59) обеспечивает реализацию мероприятий по рациональному использованию и охране водных объектов, водоснабжению, водоотведению населенных пунктов, в том числе по гидромелиорации земель, обеспечению безопасности водохозяйственных систем и сооружений;
      60) решает вопросы обеспечения безопасности водохозяйственных систем и сооружений на соответствующих территориях;
      61) организует мероприятия по ликвидации последствий аварий водохозяйственных сооружений;
      62) осуществляет информирование населения о состоянии водных объектов, систем водоснабжения и водоотведения, находящихся на соответствующей территории;
      63) разрабатывает ставки платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников;
      64) реализует мероприятия по субсидированию стоимости услуг по доставке воды сельскохозяйственным товаропроизводителям и подаче воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питевого водоснабжения, по перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан;
      65) распределяет лимиты водопользования среди водопользователей;
      66) принимает меры по удержанию цен на хлеб формовой из муки первого сорта на уровне ниже пороговых значений;
      67) реализует государственную политику в области развития агропромышленного комплекса и сельских территорий;
      68) разрабатывает предложения по государственной поддержке субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с законодательством и другими нормативными правовыми актами в данной сфере;
      69) возмещает части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях;
      70) утверждает норматив субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена;
      71) субсидирует затраты перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства ее глубокой переработки;
      72) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) принимать меры по недопущению административных правонарушений и преступлений;
      4) организовывать и проводить государственные закупки по сельскохозяйственным мероприятиям в установленном законодательством порядке;
      5) заключать договора на закупку работ и услуг по выполнению сельскохозяйственных мероприятий и контролировать их выполнение в установленном законодательством порядке;
      6) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в области сельского хозяйства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области":
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений, работников государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области";
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области";
      3) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности руководителей структурных подразделений, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области";
      4) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников управления, руководителей структурных подразделений, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области";
      5) в пределах своей компетенции издает приказы;
      6) в пределах своей компетенции представляет интересы государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" в государственных органах и иных организациях;
      7) противодействует коррупции в государственном учреждении "Управление сельского хозяйства Алматинской области" с установлением за это персональной ответственности;
      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Алматинской области" относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Алматинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление сельского хозяйства Алматинской области":

      1) товарищество с ограниченной ответственностью "Акши-агросервис";
      2) товарищество с ограниченной ответственностью "Областной санитарный ветеринарно-дезинфекционный отряд".