"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серік Мелісұлы Тұрдалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "20" наурыздағы № 147 қаулысымен бекітілген |
"Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, № 222.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.15. Міндеттері:
1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
16. Функциялары:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасауға ұсыныстар енгізеді;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар
қолданады;
7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
8) мынадай біліктілік санаттарын береді: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
16) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
17) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
18) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
19) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
4) әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
4) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың директорларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде
Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекетік органның мүлкі
22. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" командасының кәсіпқой футбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" кәсіпқой волейбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Іле" кәсіпқой гандбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қапшағай" кәсіпқой баскетбол клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
5) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Бесарыс" кәсіпқой көгалдағы хоккей клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұлттық спорт түрлерінен кәсіпқой клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимп" кәсіпқой регби клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
9) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық "Талдықорған" ипподромы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" орталық стадионы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
11) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Өркен" спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жастар" Спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының Олипиадалық резервтер дайындау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.