Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №147 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 309 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 147 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 сәуірде № 3140 тіркелген, 2015 жылы 19 мамырда "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Aлматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады