"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларының 7-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар :
субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары 1- қосымшаға сәйкес;
субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" № 279 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 тамызда № 2838 тіркелген және 2014 жылғы 4 қыркүйектегі "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің № 102 жарияланған) және 2014 жылғы 18 қарашадағы "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 279 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 402 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 8 желтоқсанда № 2955 тіркелген және 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің № 138 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "25" мамыр "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" № 227 қаулысына 1 - қосымша |
Cубсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "25" мамыр "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" № 227 қаулысына 2 - қосымша |