РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қағидаларының 7 - тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және нормаларын белгілеу туралы" № 279 қаулысына (2014 жылғы 28 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2838 тіркелген және 2014 жылғы 4 қыркүйекте № 102 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 – қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 23, 24, 25, 26, 27 жолдармен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
23 | "Б" маркалы аммиакты селитра (N-34.4 %) Өзбекстан Республикасы | тонна | 29 | 20 590 |
24 | "Б" маркалы Карбамид (N-46,3 %) Өзбекстан Республикасы | тонна | 29 | 26100 |
25 | Супрефос-NS (N-12%,P2O5-24%) +(Ca, Mg,S) Өзбекстан Республикасы | тонна | 29 | 21750 |
26 | Нитрофоска (N-6 %.P-14%. K-14%+Ca-12%) Өзбекстан Республикасы | тонна | 29 | 23200 |
27 | Сұйық азотты тыңайтқыш (КАС) (N-32%) Өзбекстан Республикасы | тонна | 29 | 31900 |