"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37- бабының 1-тармағына және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 6-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде ең төменгі нормалары бекітілсін.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "27" мамыр "2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде ең төменгі нормаларын бекіту туралы" № 229 қаулысына келісім
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы | |
министрі | Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27" мамырдағы "2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде ең төменгі нормаларынбекіту туралы" № 229 қаулысымен бекітілген |
2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде ең төменгі нормалары
Ескерту: 1 (бірінші) аймақ –таулы-қыратты,2 (екінші) аймақ – таулы-далалы,
3 (үшінші) аймақ – тау бөктері далалы шөлейт,
4 (төртінші) аймақ –шөлейт.
Бірінші аймаққа Райымбек ауданы және Текелі қаласы кіреді.
Екінші аймаққа Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы кіреді.
Үшінші аймаққа Жамбыл, Іле, Көксу, Ұйғыр аудандары кіреді.
Төртінші аймаққа Балқаш, Қаратал аудандары және Қапшағай қаласы