"Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қарашадағы № 496 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 10 желтоқсанда № 3602 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 478 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 04.11.2019 № 478 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "09" қараша № 496 қаулысымен бекітілген

"Алматы облысының жер қатынастары басқармасы"

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомствалары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықты қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 48 .
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: жер қатынастарын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану, жерлердің сапалық жағдайын арттыру және мониторингі, облыстың жер қорын бөлу есебін жүргізу, жер учаскелерін берудің айқындығын қамтамасыз ету, жерге орналастыруды жүргізу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
      2) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде қызметін үйлестіру;
      3) облыстың экономикалық дамуы мақсатында жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      2-1) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
      12) Жер кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      14) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      15) орталық уәкілетті органға Жер кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      16) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Жер кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      2) жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      3) Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
      4) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      2) Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      3) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
      4) белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
      5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
      7) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      8) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
      9) бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
      11) заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі келісімшарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
      12) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      13) тиісті аудан (қала) әкімдеріне аудандардың (қалалардың) жер қатынастары бөлімдерінің басшыларын қызметке тағайындауға және қызметінен босатуға келісім береді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
      23. Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

4. Басқарманың мүлкi

      24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление земельных отношений Алматинской области"

Постановление акимата Алматинской области 09 ноября 2015 года № 496. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 10 декабря 2015 года № 3602. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 4 ноября 2019 года № 478

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 04.11.2019 № 478 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 7) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление земельных отношений Алматинской области".
      2. Возложить на руководителя Управления опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе акимата области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бескемпирова Серикжана Ислямовича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Баталов

  Утверждено постановлением акимата Алматинской области "09" ноября 2015г. № 496

Положение о государственном учреждении "Управление земельных отношений Алматинской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление земельных отношений Алматинской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере земельных отношений.
      2. Управление не имеет ведомств.
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, улица Кабанбай батыра, № 48.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление земельных отношений Алматинской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: является обеспечение эффективного развития земельных отношений, эффективное и рациональное использование земельных ресурсов, мониторинг и повышение качественного состояния земель, ведение учета распределения земельного фонда области, обеспечение прозрачности предоставления земельных участков, проведение землеустройства.
      15. Задачи:
      1) защита интересов государства в области земельных отношений на местном уровне;
      2) координация деятельности районных, городских (областного значения) исполнительных органов в части использования и охраны земельных ресурсов;
      3) создание условий для эффективного использования земель с целью экономического развития области.
      16. Функции:
      1) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков для целей недропользования (для проведения работ по добыче; по совмещенной разведке и добыче; по строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей), строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, объектов переработки нефти и газа, объектов по использованию возобновляемых источников энергии, для индустриально-инновационных проектов субъектов индустриально-инновационной деятельности, реализации инвестиционных приоритетных проектов в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об инвестициях", создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения, а также по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд при обнаружении и под разработку месторождений полезных ископаемых, для строительства (реконструкции) магистральных трубопроводов, создания и расширения особо охраняемых природных территорий местного значения;
      1-1) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;
      2) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков государственным научно-исследовательским организациям и их опытным хозяйствам, а также государственным семеноводческим хозяйствам и племенным заводам;
      2-1) подготовка предложений и проектов решений местного исполнительного органа области по предоставлению земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений;
      3) подготовка предложений по резервированию земель;
      4) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством, в пределах его компетенции;
      5) определение делимости и неделимости земельных участков в пределах его компетенции;
      6) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;
      7) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель области;
      8) организация проведения земельных торгов (конкурсов, аукционов) в пределах его компетенции;
      9) проведение экспертизы проектов и схем областного, городского, районного значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;
      10) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования в пределах его компетенции и осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;
      11) составление баланса земель области на основании данных районов, городов областного значения;
      12) подготовка предложений по выдаче разрешений местным исполнительным органом области на использование земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии со статьей 71 Земельного Кодекса;
      13) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;
      14) утверждение земельно-кадастрового плана;
      15) предоставление информации в центральный уполномоченный орган о лицах, у которых принудительно изъяты земельные участки на основании вступившего в законную силу решения суда, в соответствии со статьями 92 и 93 Земельного Кодекса;
      16) подача заявления в уполномоченный орган в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество на установление и прекращение обременения на земельный участок в соответствии с частью третьей пункта 2 статьи 94 Земельного Кодекса.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, необходимую для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций в проработке вопросов, относящихся к компетенции Управления, создавать временные рабочие группы для подготовки соответствующих предложений;
      2) вносить акиму области предложения по совершенствованию деятельности местных исполнительных органов в сфере земельных отношений;
      3) издавать поручения по вопросам, относящимся к сфере деятельности Управления, а также участвовать в мероприятиях, проводимых центральными и местными исполнительными органами;
      4) оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь должностным лицам и государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию Управления.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель Управления имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) определяет обязанности и полномочия своего заместителя и руководителей структурных подразделений Управления;
      2) назначает и освобождает от должностей работников Управления;
      3) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение сотрудников Управления;
      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;
      5) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      6) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;
      7) контролирует ход разработки нормативных правовых актов, проектов программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;
      8) контролирует работу по подготовке отчетных материалов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;
      9) координирует ход реализации бюджетных программ;
      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;
      11) обеспечивает соблюдение законности, договорной и финансовой дисциплины в деятельности Управления;
      12) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет персональную ответственность за неприятие антикоррупционных мер;
      13) дает согласие акимам соответствующих районов (городов) на назначение и освобождение от должности руководителей отделов земельных отношений районов (городов);
      14) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.
      23. Управление возглавляется руководителем Управления назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      24. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за Управлением относится к коммунальной собственности.
      26. Управление не вправе сомостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      27. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.