"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 113421,94 гектар жерге аудандар (қалалар) бөлінісінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантинді аймақ белгіленсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 286 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 қазанда № 2144 тіркелген, 2012 жылғы 23 қазандағы "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған);
2) "Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 14 ақпанда № 2573 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы № 25 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған).
3. Облыс әкімінің аппараты заң, мемлекеттік-құқық бөліміне осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "07"желтоқсандағы "Алматы облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" № 535 қаулысына қосымша |