"Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10260 тіркелді

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 3-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7340 тіркелген, 2012 жылғы 22 ақпандағы № 66 (27138) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сот орындаушысының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
      Мемлекеттік сот орындаушысының (ерлер) қысқы нысанды киімі 2-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

      2–сурет

Мемлекеттік сот орындаушысының (әйелдер) қысқы нысанды киімі 4-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:

      4–сурет

      Ерлер нысанды киім үлгілерінің сипаттамасына 6-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
      «6. Жартылай қынамалы пішінді, қара-көк түсті китель, 4 түймеге арналған қарсы ілмегі бар, бір жаққа ілме өңірлі, қайырма жағалы. Жағаның шетіне жалпақтығы 2,5 миллиметр (бұдан әрі - мм) ашық сұр түсті жиек салынған. Жеңі екі тігіспен қайып тігілген, щлицтің шынтақтағы тігісінде үш шағын түймелері бар. Жеңнің төменгі жағы әшекейлі нысанмен қайырылған, ал үстіңгі жағына ені 2,5 мм ашық сұр түсті жиек салынған. Сол жақ жеңінде жеңдік белгісі (шеврон) бар. Бүйірі қиылған қапталды және ойылып салынған рамкалы клапанды екі жан қалтасы бар. Астары бар пиджак, бүйірі астарлы ішкі қалталарының жапырақшалары бар. Жағасына екі жағынан алтын түстес «Атқарушылық іс жүргізу жүйесі» эмблемасы бекітіледі (диаметрі - 30 мм).»;
      Ерлер нысанды киім үлгілерінің сипаттамасына 11-тармақ мына редакцияда баяндалсын:
      «11. Фуражка нысанды костюм тігілген матадан тігіледі. Сопақша түбі және дөңгелек қабырғасы, қара-көк түсті шұға немесе барқытты шеңбері мен күнқағардан тұрады. Түбінің шеті және киетін шеңберінің жоғарғы жиегі бойымен ені 2,5 мм ашық сұр түсті жиек салынған. Фуражканың алдыңғы жағында кокарда бар. Күнқағар үстіңгі жағынан лакталған қара терімен, ал төменгі жағынан қара түсті былғарымен немесе жасанды былғарымен қапталған. Күнқағардың үстіңгі жағында, киетін шеңберіне екі нысанды түймелер, алтын түсті тоқылған филигран бауы тағылады.»;
      Нысанды киімнің жекелеген заттары үлгілерінің сипаттамасына 21 және 22-тармақтар мына редакцияда баяндалсын:
      «21. Құлақшын ашық-сұр түсті цигейкадан тігіледі. Бас киімнің үсті қара-көк түсті нысанды киімнің түсіне сай матадан тігіледі. Құлақшынның алдындағы ортасына кокарда тағылады.
      22. Әйелдердің береті астарымен қара-көк түсті жүннен тоқылған матадан тігіледі. Береттің асты ені 50 мм қара түсті матадан тігіледі. Береттің алдындағы ортасына кокарда тағылады.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                     Б. Имашев

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 942 "Об утверждении образцов форменной одежды (без погон) и жетона государственного судебного исполнителя, а также эмблемы системы исполнительного производства"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 января 2015 года № 13. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2015 года № 10260

      В соответствии с пунктом 3 статьи 131 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», руководствуясь подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об органах юстиции», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. В приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 ноября 2011 года № 942 «Об утверждении образцов форменной одежды (без погон) и жетона государственного судебного исполнителя, а также эмблемы системы исполнительного производства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7340, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 22 февраля 2012 года, № 53 (26872) внести следующие изменения:
      в Образцах форменной одежды (без погон) государственного судебного исполнителя, утвержденных указанным приказом:
      рисунок 2 Зимняя (мужская) форменная одежда государственного судебного исполнителя заменить следующим рисунком:

      рисунок 2

      рисунок 4 Зимняя (женская) форменная одежда государственного судебного исполнителя заменить следующим рисунком:

      рисунок 4

      пункт 6 к Описанию образцов мужской форменной одежды изложить в следующей редакции:
      «6. Китель полуприлегающего покроя темно-синего цвета, однобортный, на 4 пуговицы, воротник и лацканы отложные. Края воротника оформлены кантом светло-серого цвета шириной 2,5 миллиметр (далее - мм). Рукава втачные двухшовные, в локтевом шве шлица с тремя малыми пуговицами. Низ рукава с обшлагом фигурной формы, верхний край которого оформлен кантом светло-серого цвета, шириной 2,5 мм. На левом рукаве нарукавный знак (шеврон). Полочка с подрезными бочками и двумя боковыми прорезными карманами в рамку с клапанами. Китель на подкладке, на полочках подкладки внутренние карманы с листочкой. На воротнике с двух сторон крепится эмблема «Система исполнительного производства» золотистого цвета (диаметр - 30 мм).»;
      пункт 11 к Описанию образцов мужской форменной одежды изложить в следующей редакции:
      «11. Фуражка изготавливается из той же ткани, что и форменный костюм. Состоит из овального донышка и круглой стенки, суконного или бархатного околыша темно-синего цвета, козырька. По краю донышка и верхнему краю околыша вшит кант светло-серого цвета, шириной 2,5 мм. Спереди на околыше фуражки кокарда. Козырек обтянут сверху черной лакированной кожей, снизу кожей или кожзаменителем черного цвета. Над козырьком к околышу пристегиваются две форменные пуговицы, плетеный филигранный шнур золотистого цвета.»;
      пункты 21 и 22 к Описанию образцов отдельных предметов форменной одежды изложить в следующей редакции:
      «21. Шапка-ушанка шьется из цигейки светло-серого цвета. Верх головного убора шьется из ткани, соответствующей цвету форменной одежды темно-синего цвета. Спереди посередине околыша шапки-ушанки прикрепляется кокарда.
      22. Берет женский шьется из шерстяной ткани темно-синего цвета на подкладке. Низ берета выполняется из ткани черного цвета шириной 50 мм. Спереди посередине берета прикрепляется кокарда.».
      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя Министра юстиции Әбдірайым Б.Ж.
      3. Департаменту по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       Б. Имашев