Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10380 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 424 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 № 424 бұйрығымен.

      «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Б. Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің    
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 113 бұйрығымен бекітілген

Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағиданың басты міндеті туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қатынастарын реттеу болып табылады.
      3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
      Туу туралы куәлік - жеке тұлғаның жеке басын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәландыратын құжат.

2. Туу туралы куәлікті ресімдеу және беру тәртібі

      4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі - тіркеуші орган) болып азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган табылады.
      Туу туралы куәлікті тіркеуші орган ресімдейді және береді.
      5. Тіркеуші органдар жоқ жергілікті жерлерде ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ әкімі өздерінің аумағында туған балалардың тууын тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды жүргізеді және туу туралы куәлікті ресімдеу, беру және тапсыру үшін оларды тіркеуші органдарға береді.
      6. Туу туралы куәлікті ресімдеуді ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша не баланың туған жері бойынша тіркеуші органдар жүзеге асырады.
      7. Туу туралы куәлікті ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) 2008 жылға дейінгі неке қиюды тіркеген тұлғалар үшін ата-аналарының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
      4) туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      5) ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
      Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу жағдайында:
      1) ата-аналарының түсініктемесі;
      2) туу туралы медициналық куәлік;
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тіркеуші органының туу туралы акт жазбасының болмауы туралы хабарламасы (2008 жылға дейінгі туылған балаларға қатысты);
      4) тұрғылықты жері бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынылады.
      8. Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге өтінішті ата-аналары (немесе олардың бірі) ол туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей береді, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда - мүдделі тұлғалар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі жазбаша нысанда береді.
      9. Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
      10. Бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің негізінде оның туу фактісі туралы тіркеуге өтінішті босанған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.
      11. Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
      12. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер* органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, бала орналастырылған білім беру ұйымы немесе медициналық ұйымы әкімшілігінің өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркеледі.
      Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орны және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акті, тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және бала туралы басқа да дербес мәліметтер қоса беріледі.
      13. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәнің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды (бас тартылған) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
      14. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүргізіледі.
      15. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген, ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылдың 23 қарашасында № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде № 6697 тіркелген) нысандағы, туу туралы құжаты болған кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделі тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша тіркеуші орган жасаған қорытынды негізінде жүргізіледі.
      16. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде не ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-аналарының не олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тіркеуге алған жағдайда, осы елді мекен баланың туған жері болып көрсетіледі.
      17. Экспедицияларда және тіркеуші орган жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған уақытында туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-аналарының немесе олар тұрғылықты жеріне қайтып келген соң олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
      Мұндай жағдайларда баланың туған жері болып баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.
      18. Бір-бірімен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) әкесі мен анасы туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің өтініші бойынша баланың ата-аналары болып жазылады. Мұндай жазбаға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік негіз болып табылады.
      19. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өз келісімін жазбаша нысанда берген адамдар, осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туылған жағдайда туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
      Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлі-зайыптылар туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
      20. Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны сот жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күннен аспаса, анасы туралы мәліметтер туу туралы медициналық куәліктің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде, баланың әкесі туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) немесе оны бұзу туралы куәліктің, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде енгізіледі.
      21. Егер бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау туралы актілік жазбаның негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.
      22. Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде әке болуды анықтауды тіркеу және тууды тіркеу кезінде баланың әкесі болып осы адам жазылады.
      23. Егер баланың ата-аналары өзара некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) жағдайда, анасы туралы мәліметтер туу туралы медициналық куәліктің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде енгізіледі.
      Мұндай жағдайда әкесі туралы мәліметтер:
      1) егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әке болу белгіленетін және тіркелетін жағдайда, әке болуды белгілеу туралы актілік жазбаның негізінде;
      2) егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша.
      Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актінің жазбасына енгізілмеуі мүмкін;
      3) өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.
      24. Егер тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-аналарының қай ұлтқа жататынын көрсетуге ниет білдірсе, онда баланың туу туралы актінің жазбасында ата-аналарының - Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі.
      Шетелдік болып табылатын ата-анасының қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтер оның шетелдік паспортына сәйкес көрсетіледі.
      Шетелдіктің шетелдік паспортында ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде, соңғысы арыз берушінің еркі бойынша, өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалады.
      25. Баланы тууды мемлекеттік тіркеуге түскен құжаттарды тексергеннен кейін баланың тууын тіркеу туралы мәліметтер «Азаматтық хал актілерін жазу» ақпараттық жүйесіне (одан әрі - АХАЖ АЖ) енгізіледі.
      26. АХАЖ АЖ-да баланың тууы мемлекеттік тіркелгеннен кейін актілік жазба екі данада басып шығарылады және туу туралы куәлік қалыптастырылады. Туу туралы актілік жазбаның негізінде туу туралы куәлік ресімделеді.
      27. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде туған баланы мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өкілі туу туралы куәлікті ресімдейді.
      28. Туу туралы куәлік қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
      29. Баланың ата-аналары туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
      Мемлекеттік тіркеу сәтінде дәлелді себеп бойынша ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не осы тіркеуші органдағы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы актілік жазбаға сәйкес толтырылады.
      30. Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
      1) баланың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол болған жағдайда), туған күні мен жерін;
      2) актілік жазбаның жасалған күні мен нөмірін;
      3) жеке сәйкестендіру нөмірін;
      4) ата-аналарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (егер олар болған жағдайда), егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ұлтын;
      5) ата-аналарының азаматтығын;
      6) мемлекеттік тіркеу орнын (тіркеуші органның атауын);
      7) туу туралы куәліктің берілген күнін қамтиды.
      31. Туу туралы куәліктің нысаны «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде № 10173 тіркелген) бекітілген.
      32. Туу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы қол қояды және ол тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
      33. Туу туралы куәлік ресімделген соң жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкілетті адамдарға немесе бала тұратын ұйымның өкілдеріне туу туралы куәлік беріледі.
      34. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
      35. Өлі туған балаға туу туралы куәлік берілмейді. Ата-анасының өтініші бойынша өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
      36. Туу туралы куәліктер осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тіркеуші органға түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.

3. Туу туралы куәліктерді ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

      37. Бастапқы туу туралы куәлік жоғалған, пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағат актісі жазбасының негізінде тіркеуші орган өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша туу туралы қайталама куәлік береді.
      38. Туу туралы қайталама куәлік алу үшін оларға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба жасалған тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері мынадай құжаттарды:
      1) туу туралы қайталама куәлік беру туралы өтінішті;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 543-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты;
      Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде келесі тұлғалар, растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;
      жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;
      жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер алмастырылып берілгені үшін;
      жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін.
      4) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
      39. Туу туралы қайталама куәлік тіркеуші органға қажетті құжаттар түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде беріледі.
      Бастапқы туу туралы куәлік берілген басқа тіркеуші органға сұраныс жіберілген кезде туу туралы қайталама куәлікті беру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Өтініш беруші өтінішті қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
      40. Туу туралы қайталама куәлік актілік жазбалармен дәлме-дәл сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атауы сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске дәлме-дәл сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал мемлекеттік тіркеу орны - сол кезде болған әкімшілік бөлініс бойынша осы жерде қызмет көрсеткен тіркеуші орган көрсетіледі.
      Қайталап берілетін туу туралы куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында «Қайталап» деп көрсетіледі.
      41. Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.
      Он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-аналарының біреуінің не қорғаншысының, бала асырап алушының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.
      42. Өздеріне қатысты ата-аналық қүқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына келтіргенге дейін балалардың тууы туралы қайталама куәліктері берілмейді.
      43. Ата-аналық құқықтарынан айырылу фактісін тіркеуші орган мұрағатта сақтауда тұрған туу туралы актісінің жазбасын тексеру жолымен, жүргізеді.
      44. Туу туралы қайталама куәлік берілген жағдайда алдында берілген куәлік жарамсыз болып табылады, ол туралы жеке тұлғалар туралы деректер базасында белгі соғылады.
      45. Туу туралы куәлік пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда туу туралы куәлік жарамсыз болып табылады және тіркеуші органға тапсырылуға және ауыстырылуға жатады.
      46. Туу туралы куәліктерді жою туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес акті жасалады, онда жойылған туу туралы куәліктердің сериясы, нөмірі мен күні және осы куәлікті берген тіркеуші органның атауы көрсетіледі.
      47. Туу туралы куәліктерді жою үшін туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші орган басшысының бұйрығына сәйкес комиссия құрылады. Тіркеуші органның қызметкерлері қатарынан құрамында кемінде үш адамы бар комиссия қалыптастырылады.
      48. Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші органның басшысы бекітеді.
      49. Туу туралы куәлікті алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жүзеге асырады.

Туу туралы куәлікті ресімдеу,
беру, ауыстыру, тапсыру,  
алып қою және жою қағидалары
Қосымша 1         

Нысан
______________________
(тіркеуші орган атауы)
______________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекен-жайы:
_______________________
№ тел. ________________

Тууды мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІШ

Бала туралы мәлімет:
Аты ______________________________ Әкесінің аты _____________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні"__"_______20__ ж. Жынысы _________________________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Саны бойынша анасының нешінші баласы ________________________________
Баланың туу фактін растайтын құжат туралы мәлімет
_____________________________________________________________________
Баланың заңды мекен-жайы ____________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты _____________________ Әкесінің аты (бар болғанда) _______________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні "___"_______ 20___ ж. _____ Ұлты _________________________
Жасы: ___________________________ Азаматтығы ________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
_____________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты __________ Әкесінің аты (бар болғанда) __________________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні "___"__________ 20___ ж. Ұлты ____________________________
Жасы: _____________________ Азаматтығы ______________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
_____________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________

"___"___________ 20__ ж.             Қолы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім

20___ ж."____"__________________
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушы лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Журнал бойынша № ________
---------------------------------------------------------------------
(жұлып алу сызығы)
20__ ж. "___"______________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
20__ ж. "___"______________ Қарау нәтижелері хабарланған болады

Маман ______________________________________
     (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

Туу туралы куәлікті беру,
ресімдеу, ауыстыру, тапсыру,
алып қою және жою қағидаларына
2 қосымша         

Нысан  
«Бекітемін»
__________________________
Тіркеуші органның басшысы
__________________________
Т.А.Ә (бар болғанда).
2013 ж. «____»____________

Туу туралы куәліктерді жою актісі

Мынадай құрамдағы біз, төменде қол қоюшылар:
1. __________________________________________________________________
  (лауазымы) Т.А.Ә (бар болғанда).
2. __________________________________________________________________
  (лауазымы) Т.А.Ә (бар болғанда).
3. __________________________________________________________________
 (лауазымы) Т.А.Ә(бар болғанда).
№ ________________________________________________________________туу
туралы куәліктердің жойылғаны туралы осы актіні жасадық.
Қосымша: жойылған туу туралы куәліктердің көшірмелері.

________________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).

_______________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).

_______________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).

Орын.: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства о рождении

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 113. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2015 года № 10380. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 424

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 30.07.2015 № 424.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республик Казахстан «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года и подпунктом 1) статьи 28 Закона Республики Казахстан от 29 января 2013 года «О документах, удостоверяющих личность», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оформления, выдачи, замет сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства о рождении.
      2. Контроль за исполнением настоящею приказа возложить на Заместителя Министра юстиции Республики Казахстан Әбдірайым Б.Ж.
      3. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Имашев

Утверждены       
приказом Министра    
Республики Казахстан  
от 25 февраля 2015 года № 113

ПРАВИЛА
оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и
уничтожения свидетельства о рождении

1. Общие положения

      1. Настоящие правила оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства о рождении (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 28 Закона Республики Казахстан от 29 января 2013 года «О документах, удостоверяющих личность» и определяют порядок оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельств о рождении.
      2. Основные задачи настоящих Правил заключается в регулировании порядка оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства о рождении.
      3. В настоящих Правилах используется следующее понятие:
      Свидетельство о рождении - документ, удостоверяющий личность физического лица, свидетельствующий о государственной регистрации факта его рождения.

2. Порядок оформления и выдачи свидетельства о рождении

      4. В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 1 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» от 26 декабря 2011 года (далее - Кодекс), отделом регистрации актов гражданского состояния (далее - регистрирующий орган) является местный исполнительный орган, осуществляющий государственную регистрацию актов гражданского состояния.
      Регистрирующий орган оформляет и выдает свидетельства о рождении.
      5. В местностях, где нет регистрирующих органов, аким аула (села), поселка, аульного (сельского) округа производит прием документов на регистрацию рождения детей, родившихся на их территории и передает их в регистрирующие органы для оформления, выдачи и вручения свидетельств о рождении.
      6. Оформление свидетельства о рождении осуществляется регистрирующими органами на основании заявления родителей или заинтересованных лиц, по месту жительства родителей или одного из них, либо по месту рождения ребенка.
      7. Для оформления свидетельства о рождении предоставляются следующие документы:
      1) заявление о государственной регистрации рождения по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) копии документов, удостоверяющих личность родителей;
      3) копию свидетельства о заключении брака (супружества) родителей, для лиц, зарегистрировавших брак до 2008 года (при наличии);
      4) медицинское свидетельство о рождении или копия решения суда об установлении факта рождения;
      5) документ, подтверждающий полномочия представителя, в случае невозможности подачи заявления родителями или заинтересованными лицами.
      В случае государственной регистрации рождения ребенка, достигшего одного года и более дополнительно предоставляются:
      1) объяснительная родителей;
      2) медицинское свидетельство о рождении;
      3) извещение об отсутствии актовой записи о рождении регистрирующего органа соответствующей административно-территориальной единицы (для детей родившихся до 2008 года);
      4) справка о состоянии здоровья ребенка по месту его проживания.
      8. Заявление на государственную регистрацию рождения ребенка подается в письменной форме родителями (или одним из них) не позднее двух месяцев со дня его рождения, а в случае их смерти, болезни или невозможности по иным причинам сделать заявление - заинтересованными лицами или администрацией медицинской организации, в которой находилась мать при рождении ребенка.
      9. Если за государственной регистрацией рождения ребенка обратились не родители, а другие лица, то этими лицами представляется документ, удостоверяющий личность заявителя, а также документ, подтверждающий его полномочия на регистрацию рождения ребенка.
      10. В случае рождения мертвого ребенка, заявление на регистрацию о факте его рождения на основании медицинского свидетельства о перинатальной смерти подается ответственным должностным лицом медицинской организации не позднее пяти суток с момента родов.
      11. При государственной регистрации двух или более детей заявление подается в отношении каждого отдельно.
      12. Рождение найденного, брошенного (отказного) ребенка регистрируется по заявлению органов внутренних дел, органа, осуществляющего функции по опеке или попечительству, администрации организации образования или медицинской организации, в которую помещен ребенок, не позднее семи суток со дня обнаружения, отказа или оставления.
      К заявлению прилагается протокол или акт, составленный органом внутренних дел или органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству, с указанием времени, места и обстоятельств, при которых ребенок был найден, документ, выданный медицинской организацией, подтверждающий возраст и пол найденного ребенка, и другие персональные сведения о ребенке.
      13. В случае оставления ребенка неизвестной матерью, администрация медицинской организации составляет протокол в присутствии двух свидетелей. При государственной регистрации рождения протоколы прилагаются к заявлению должностного лица медицинской организации о регистрации брошенного (отказного) ребенка.
      14. Государственная регистрация рождения ребенка, зачатого в течение брака (супружества) и родившегося после смерти отца или расторжения брака (супружества), либо признания брака (супружества) недействительным, производится на общих основаниях, если со дня смерти отца или расторжения брака (супружества) либо признания его недействительным прошло не более двухсот восьмидесяти дней.
      15. Государственная регистрация рождения ребенка, достигшего одного года и более, при наличии документа о рождении, по форме, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения РК «Об утверждении форм первичной медицинской документации организации здравоохранения» от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6697) выданного медицинской организацией или частнопрактикующим врачом, производится по письменному заявлению родителей или иных заинтересованных лиц на основании заключения, составленного регистрирующим органом.
      16. Государственная регистрация рождения ребенка, родившегося за пределами Республики Казахстан, производится в дипломатических представительствах и консульских учреждениях Республики Казахстан, либо в регистрирующем органе по месту жительства родителей или одного из них. В случае государственной регистрации рождения ребенка по месту жительства родителей либо одного из них, местом рождения ребенка указывается данный населенный пункт.
      17. Государственная регистрация рождения ребенка, родившегося в экспедициях и в отдаленных местностях, где нет регистрирующего органа, а также во время нахождения матери на морском, речном, воздушном судне или в поезде, производится в регистрирующем органе по месту жительства родителей или одного из них по возвращении их к месту жительства.
      В таких случаях местом рождения ребенка указывается административно-территориальная единица, где производится государственная регистрация рождения ребенка.
      18. Отец и мать, состоящие в браке (супружестве) между собой, записываются родителями ребенка в книге записей рождений по заявлению любого из них. Основанием для такой записи является свидетельство о заключении брака (супружества).
      19. Лица, состоящие в браке (супружестве) и давшие свое согласие в письменной форме на применение вспомогательных репродуктивных методов и технологий, в случае рождения у них ребенка в результате применения этих методов записываются его родителями в книге записей актов о рождении.
      В случае рождения ребенка согласно договору суррогатного материнства, супруги записываются его родителями в книге записей актов о рождении.
      20. При регистрации рождения ребенка в случае, если брак (супружество) между родителями расторгнут, признан судом недействительным или супруг умер, но с момента расторжения брака (супружества), признания его недействительным или смерти супруга прошло не более двухсот восьмидесяти дней, сведения о матери вносятся на основании медицинского свидетельства о рождении или копии решения суда об установлении факта рождения, сведения об отце ребенка - на основании свидетельства о заключении или расторжении брака (супружества), свидетельства о смерти отца.
      21. Если ребенок родился по истечении двухсот восьмидесяти дней со дня расторжения брака (супружества), признания его недействительным, бывший супруг может быть записан отцом ребенка только на основании актовой записи об установлении отцовства.
      22. В случае письменного признания лицом, не являющимся супругом родившей женщины, и при письменном согласии ее мужа, отцом ребенка при регистрации установления отцовства и регистрации рождения записывается данное лицо.
      23. В случае, если родители ребенка не состоят в браке (супружестве) между собой, сведения о матери вносятся на основании медицинского свидетельства о рождении или копии решения суда об установлении факта рождения.
      Сведения об отце в данном случае вносятся:
      1) на основании актовой записи об установлении отцовства в случае, если отцовство устанавливается и регистрируется одновременно с государственной регистрацией рождения ребенка;
      2) по заявлению матери, не состоящей в браке (супружестве), если отцовство не установлено.
      По желанию матери сведения об отце ребенка в запись акта о рождении могут не вноситься;
      3) по заявлению лица, признавшего себя отцом ребенка, при наличии согласия на это матери ребенка.
      24. Если при регистрации рождения заявителем изъявляется желание указать национальную принадлежность родителей, то в записи акта о рождении ребенка национальность родителей - граждан Республики Казахстан - указывается в соответствии с национальностью, указанной в документах, удостоверяющих личность граждан Республики Казахстан.
      Сведения о национальной принадлежности родителя, являющегося иностранцем, указываются в соответствии с его заграничным паспортом.
      При отсутствии в заграничном паспорте иностранца сведений о национальности, последняя определяется по волеизъявлению заявителя в соответствии с документом, выданным компетентным органом иностранного государства, гражданином которой он является.
      25. После проверки документов, поступивших на государственную регистрацию рождения ребенка, сведения о регистрации рождения ребенка заносятся в информационную систему «Записи актов гражданского состояния» (далее - ИС ЗАГС).
      26. После государственной регистрации рождения ребенка в ИС ЗАГС, распечатывается актовая запись в двух экземплярах и формируется свидетельство о рождении. На основании актовой записи о рождении оформляется свидетельство о рождении.
      27. После государственной регистрации рождения ребенка, родившегося за пределами Республики Казахстан, представителем дипломатических представительств и консульских учреждений Республики Казахстан оформляется свидетельство о рождении.
      28. Свидетельства о рождении заполняются на казахском или русском языке.
      29. Сведения о родителях ребенка заполняются согласно документам, удостоверяющим их личность.
      В случае отсутствия документов, удостоверяющих личность родителей, в момент государственной регистрации по уважительной причине сведения о родителях заполняются согласно свидетельству о заключении брака (супружества) либо актовой записи о заключении брака (супружества) в данном регистрирующем органе.
      30. Свидетельство о рождении содержит следующие сведения:
      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата и место рождения ребенка;
      2) дата составления и номер актовой записи;
      3) индивидуальный идентификационный номер;
      4) фамилии, имена, отчества (при их наличии), национальность родителей, если указана в документах, удостоверяющих личность;
      5) гражданство родителей;
      6) место государственной регистрации (наименование регистрирующего органа);
      7) дата выдачи свидетельства о рождении.
      31. Форма свидетельства о рождении утверждена Приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 12 января 2015 года № 9 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10173) «Об утверждении форм актовых книг государственной регистрации актов гражданского состояния и форм свидетельств, выдаваемых на основании записей в этих книгах».
      32. Свидетельство о рождении подписывается руководителем регистрирующего органа и скрепляется гербовой печатью регистрирующего органа.
      33. После оформления свидетельства о рождении родителям новорожденного, другим уполномоченным лицам или представителям организации, в которой находится ребенок выдается свидетельство о рождении.
      34. В случае рождения двух или более детей, свидетельство о рождении выдается каждому ребенку.
      35. Свидетельство о рождении ребенка, родившегося мертвым, не выдается. По просьбе родителей выдается документ, подтверждающий факт государственной регистрации мертворожденного ребенка.
      36. Свидетельства о рождении выдаются в течение двух рабочих дней со дня поступления необходимых документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил, в регистрирующий орган.

3. Порядок замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельств о рождении

      37. В случае утери, непригодности для использования первичного свидетельства о рождении и невозможности идентификации данных указанных в подпунктах 1) и 6) пункта 30 настоящих Правил, а также в связи с внесенными изменениями, дополнениями и исправлениями, на основании архивной актовой записи, регистрирующий орган по месту жительства заявителей выдает повторное свидетельство о рождении.
      38. Для получения повторного свидетельства о рождении лицами, в отношении которых составлена запись о регистрации акта гражданского состояния или их уполномоченными представителями представляются следующие документы:
      1) заявление о выдаче повторного свидетельства о рождении;
      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) документ, подтверждающий уплату в бюджет государственной пошлины, за исключением лиц указанных в статье 543 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)».
      При регистрации актов гражданского состояния от уплаты государственной пошлины освобождаются следующие лица, при предъявлении подтверждающих документов:
      участники Великой Отечественной войны и приравненные к ним лица, лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, инвалиды, а также один из родителей инвалида с детства, опекуны (попечители), государственные организации - за регистрацию и выдачу повторных свидетельств о рождении;
      физические лица - за выдачу им свидетельств при изменении, дополнении, восстановлении и исправлении записей актов о рождении, смерти, об установлении отцовства, усыновлении (удочерении), в связи с ошибками, допущенными при регистрации актов гражданского состояния;
      физические лица - за выдачу им повторных или замену ранее выданных свидетельств о смерти родственников;
      физические лица - за выдачу повторных свидетельств о рождении в связи с усыновлением (удочерением) и установлением отцовства;
      4) документ, подтверждающий полномочия представителя.
      39. Повторное свидетельство о рождении выдается в течение пяти календарных дней с момента поступления необходимых документов в регистрирующий орган.
      При направлении запроса в другой регистрирующий орган, в котором выдано первичное свидетельство о рождении, срок выдачи повторного свидетельства о рождении продлевается, но не более чем на тридцать календарных дней. Заявитель уведомляется в течение двух рабочих дней о продлении срока рассмотрения заявления.
      40. Повторное свидетельство о рождении выписывается в точном соответствии с актовыми записями. Названия местностей указываются в точном соответствии с существовавшим административно-территориальным делением, а местом государственной регистрации - регистрирующий орган, обслуживающий эту местность по существующему административному делению.
      На выдаваемых повторных свидетельствах на первой странице сверху указывается «Повторное».
      41. Повторные свидетельства о рождении на детей до шестнадцатилетнего возраста выдаются родителям, опекунам, усыновителям (удочерителям), попечителям и администрации детских учреждений, в которых дети находятся на воспитании.
      На детей старше шестнадцати лет, но не достигших восемнадцати лет и не получивших документ, удостоверяющий личность, детям выдаются повторные свидетельства в присутствии одного из родителей, либо опекуна, усыновителя (удочерителя) при предоставлении ими документа, удостоверяющего личность.
      42. Родителям повторные свидетельства о рождении детей, в отношении которых они лишены родительских прав, до их восстановления не выдаются.
      43. Факт лишения родительских прав регистрирующим органом проверяется путем проверки актовой записи о рождении, находящейся в архиве на хранении.
      44. В случае выдачи повторного свидетельства о рождении, предыдущее свидетельство является недействительным, о чем проводится отметка в базе данных о физических лицах.
      45. В случае непригодности для использования свидетельства о рождении и невозможности идентификации данных, указанных в подпунктах 1) и 6) пункта 30 настоящих Правил, свидетельство о рождении является недействительным и подлежит сдаче в регистрирующий орган и замене.
      46. Об уничтожении свидетельств о рождении составляется акт, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в котором указываются серия, номер и дата уничтоженного свидетельства о рождении и наименование регистрирующего органа, выдавшего данное свидетельство.
      47. Для уничтожения свидетельств о рождении согласно приказу руководителя регистрирующего органа, в котором уничтожаются свидетельства о рождении, создается комиссия. Комиссия формируется из числа сотрудников регистрирующего органа в составе не менее трех человек.
      48. Акт подписывается членами комиссии и утверждается руководителем регистрирующего органа, в котором уничтожается свидетельство о рождении.
      49. Изъятие свидетельства о рождении осуществляется должностными лицами органов предварительного следствия, дознания, а также должностными лицами в ходе административного производства и оформления утраты гражданства.

Приложение 1     
к Правилам выдачи,  
оформления, замены, сдачи,
изъятия и уничтожения 
свидетельства о рождении

Форма

                                           В ________________________
                                (наименование регистрирующего органа)
                                           от _______________________
                 (имя, отчество (при его наличии), фамилия заявителя)
                                              проживающего по адресу:
                                            _________________________
                                            № тел. __________________

                            ЗАЯВЛЕНИЕ

              о государственной регистрации рождения

Сведения о ребенке:
Имя __________________________ Отчество _____________________________
Фамилия _____________________________________________________________
Дата рождения "____" _______________ 20__ г. Пол ____________________
Место рождения ребенка ______________________________________________
Какой по счету ребенок у матери _____________________________________
Сведения о документе, подтверждающем факт рождения ребенка
_____________________________________________________________________
Юридический адрес ребенка ___________________________________________
Сведения о матери:
Имя ______________________ Отчество (при его наличии) _______________
Фамилия _____________________________________________________________
Дата рождения "____" ___________ 20___ г. Национальность ____________
Возраст: ____________________________________________________________
Гражданство _________________________________________________________
Образование _________________________________________________________
Место работы и должность ____________________________________________
Семейное положение __________________________________________________
Дата и место регистрации брака (супружества)
_____________________________________________________________________
Номер актовой записи о браке (супружестве) __________________________
Юридический адрес ___________________________________________________
Сведения об отце:
Имя ______________________ Отчество (при его наличии) _______________
Фамилия _____________________________________________________________
Дата рождения "____" __________ 20__ г. Национальность ______________
Возраст: ____________________________________________________________
Гражданство _________________________________________________________
Образование _________________________________________________________
Место работы и должность ____________________________________________
Семейное положение __________________________________________________
Дата и место регистрации брака (супружества)
_____________________________________________________________________
Номер актовой записи о браке (супружестве) __________________________
Юридический адрес ___________________________________________________
"_____" ________ 20____ г.              Подпись

Предупреждена (а) о том, что за сообщение ложных сведений согласно
статье 491 Кодекса Республики Казахстан «Об административных
правонарушениях» налагается административное взыскание.

"___" ___________ 20____ г.

_____________________________________________________________________
(имя, отчество (при его наличии), фамилия должностного лица,
                    принявшего заявление)

№ по журналу _________

---------------------------------------------------------------------
                          (линия отрыва)

"__" _______ 20___ г. принято на рассмотрение заявление о
регистрации рождения

Результаты рассмотрения будут сообщены "___" _____ 20___ г.
Специалист __________________ (имя, отчество (при его наличии), фамилия)

Приложение 2          
к Правилам выдачи, оформления, 
замены, сдачи, изъятия и уничтожения
свидетельства о рождении    

Форма

                                                          «Утверждаю»
                                                 ____________________
                                  руководитель регистрирующего органа
                                  ___________________________________
                                             Ф.И.О (при его наличии).
                                             «____» ________ 20___ г.

            Акт уничтожения свидетельств о рождении

Мы, нижеподписавшиеся, в составе:
1. __________________________________________________________________
                   (должность) Ф.И.О (при его наличии).
2. __________________________________________________________________
                   (должность) Ф.И.О (при его наличии).
3. __________________________________________________________________
                   (должность) Ф.И.О (при его наличии).
составили настоящий акт о том, что уничтожили свидетельства о
рождении № _________________________________________________________.
Приложение: копии уничтоженных свидетельств о рождении.
________________________________
подпись, Ф.И.О (при его наличии).
________________________________
подпись, Ф.И.О (при его наличии).
________________________________
подпись, Ф.И.О (при его наличии).

Исп.: Фамилия, имя, отчество (при его наличии)