Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 № 424 бұйрығымен.
«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 113 бұйрығымен бекітілген
Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағиданың басты міндеті туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қатынастарын реттеу болып табылады.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
Туу туралы куәлік - жеке тұлғаның жеке басын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәландыратын құжат.
2. Туу туралы куәлікті ресімдеу және беру тәртібі
4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі - тіркеуші орган) болып азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган табылады.
Туу туралы куәлікті тіркеуші орган ресімдейді және береді.
5. Тіркеуші органдар жоқ жергілікті жерлерде ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ әкімі өздерінің аумағында туған балалардың тууын тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды жүргізеді және туу туралы куәлікті ресімдеу, беру және тапсыру үшін оларды тіркеуші органдарға береді.
6. Туу туралы куәлікті ресімдеуді ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша не баланың туған жері бойынша тіркеуші органдар жүзеге асырады.
7. Туу туралы куәлікті ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) 2008 жылға дейінгі неке қиюды тіркеген тұлғалар үшін ата-аналарының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
4) туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
5) ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу жағдайында:
1) ата-аналарының түсініктемесі;
2) туу туралы медициналық куәлік;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тіркеуші органының туу туралы акт жазбасының болмауы туралы хабарламасы (2008 жылға дейінгі туылған балаларға қатысты);
4) тұрғылықты жері бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынылады.
8. Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге өтінішті ата-аналары (немесе олардың бірі) ол туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей береді, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда - мүдделі тұлғалар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі жазбаша нысанда береді.
9. Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
10. Бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің негізінде оның туу фактісі туралы тіркеуге өтінішті босанған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.
11. Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
12. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер* органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, бала орналастырылған білім беру ұйымы немесе медициналық ұйымы әкімшілігінің өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркеледі.
Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орны және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акті, тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және бала туралы басқа да дербес мәліметтер қоса беріледі.
13. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәнің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды (бас тартылған) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
14. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүргізіледі.
15. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу медициналық ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген, ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылдың 23 қарашасында № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде № 6697 тіркелген) нысандағы, туу туралы құжаты болған кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделі тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша тіркеуші орган жасаған қорытынды негізінде жүргізіледі.
16. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде не ата-аналарының немесе олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-аналарының не олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тіркеуге алған жағдайда, осы елді мекен баланың туған жері болып көрсетіледі.
17. Экспедицияларда және тіркеуші орган жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда болған уақытында туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-аналарының немесе олар тұрғылықты жеріне қайтып келген соң олардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
Мұндай жағдайларда баланың туған жері болып баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.
18. Бір-бірімен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) әкесі мен анасы туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің өтініші бойынша баланың ата-аналары болып жазылады. Мұндай жазбаға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік негіз болып табылады.
19. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өз келісімін жазбаша нысанда берген адамдар, осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туылған жағдайда туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлі-зайыптылар туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
20. Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны сот жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күннен аспаса, анасы туралы мәліметтер туу туралы медициналық куәліктің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде, баланың әкесі туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) немесе оны бұзу туралы куәліктің, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде енгізіледі.
21. Егер бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау туралы актілік жазбаның негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.
22. Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде әке болуды анықтауды тіркеу және тууды тіркеу кезінде баланың әкесі болып осы адам жазылады.
23. Егер баланың ата-аналары өзара некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) жағдайда, анасы туралы мәліметтер туу туралы медициналық куәліктің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде енгізіледі.
Мұндай жағдайда әкесі туралы мәліметтер:
1) егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әке болу белгіленетін және тіркелетін жағдайда, әке болуды белгілеу туралы актілік жазбаның негізінде;
2) егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша.
Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актінің жазбасына енгізілмеуі мүмкін;
3) өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.
24. Егер тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-аналарының қай ұлтқа жататынын көрсетуге ниет білдірсе, онда баланың туу туралы актінің жазбасында ата-аналарының - Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі.
Шетелдік болып табылатын ата-анасының қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтер оның шетелдік паспортына сәйкес көрсетіледі.
Шетелдіктің шетелдік паспортында ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде, соңғысы арыз берушінің еркі бойынша, өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалады.
25. Баланы тууды мемлекеттік тіркеуге түскен құжаттарды тексергеннен кейін баланың тууын тіркеу туралы мәліметтер «Азаматтық хал актілерін жазу» ақпараттық жүйесіне (одан әрі - АХАЖ АЖ) енгізіледі.
26. АХАЖ АЖ-да баланың тууы мемлекеттік тіркелгеннен кейін актілік жазба екі данада басып шығарылады және туу туралы куәлік қалыптастырылады. Туу туралы актілік жазбаның негізінде туу туралы куәлік ресімделеді.
27. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде туған баланы мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өкілі туу туралы куәлікті ресімдейді.
28. Туу туралы куәлік қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
29. Баланың ата-аналары туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
Мемлекеттік тіркеу сәтінде дәлелді себеп бойынша ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікке не осы тіркеуші органдағы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы актілік жазбаға сәйкес толтырылады.
30. Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) баланың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол болған жағдайда), туған күні мен жерін;
2) актілік жазбаның жасалған күні мен нөмірін;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін;
4) ата-аналарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (егер олар болған жағдайда), егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ұлтын;
5) ата-аналарының азаматтығын;
6) мемлекеттік тіркеу орнын (тіркеуші органның атауын);
7) туу туралы куәліктің берілген күнін қамтиды.
31. Туу туралы куәліктің нысаны «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде № 10173 тіркелген) бекітілген.
32. Туу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы қол қояды және ол тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
33. Туу туралы куәлік ресімделген соң жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкілетті адамдарға немесе бала тұратын ұйымның өкілдеріне туу туралы куәлік беріледі.
34. Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
35. Өлі туған балаға туу туралы куәлік берілмейді. Ата-анасының өтініші бойынша өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
36. Туу туралы куәліктер осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тіркеуші органға түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.
3. Туу туралы куәліктерді ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі
37. Бастапқы туу туралы куәлік жоғалған, пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге байланысты мұрағат актісі жазбасының негізінде тіркеуші орган өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша туу туралы қайталама куәлік береді.
38. Туу туралы қайталама куәлік алу үшін оларға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба жасалған тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері мынадай құжаттарды:
1) туу туралы қайталама куәлік беру туралы өтінішті;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 543-бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты;
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде келесі тұлғалар, растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;
жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;
жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер алмастырылып берілгені үшін;
жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін.
4) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
39. Туу туралы қайталама куәлік тіркеуші органға қажетті құжаттар түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде беріледі.
Бастапқы туу туралы куәлік берілген басқа тіркеуші органға сұраныс жіберілген кезде туу туралы қайталама куәлікті беру мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Өтініш беруші өтінішті қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
40. Туу туралы қайталама куәлік актілік жазбалармен дәлме-дәл сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атауы сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске дәлме-дәл сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал мемлекеттік тіркеу орны - сол кезде болған әкімшілік бөлініс бойынша осы жерде қызмет көрсеткен тіркеуші орган көрсетіледі.
Қайталап берілетін туу туралы куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында «Қайталап» деп көрсетіледі.
41. Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.
Он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-аналарының біреуінің не қорғаншысының, бала асырап алушының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.
42. Өздеріне қатысты ата-аналық қүқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына келтіргенге дейін балалардың тууы туралы қайталама куәліктері берілмейді.
43. Ата-аналық құқықтарынан айырылу фактісін тіркеуші орган мұрағатта сақтауда тұрған туу туралы актісінің жазбасын тексеру жолымен, жүргізеді.
44. Туу туралы қайталама куәлік берілген жағдайда алдында берілген куәлік жарамсыз болып табылады, ол туралы жеке тұлғалар туралы деректер базасында белгі соғылады.
45. Туу туралы куәлік пайдалануға жарамсыз болған және осы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда туу туралы куәлік жарамсыз болып табылады және тіркеуші органға тапсырылуға және ауыстырылуға жатады.
46. Туу туралы куәліктерді жою туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес акті жасалады, онда жойылған туу туралы куәліктердің сериясы, нөмірі мен күні және осы куәлікті берген тіркеуші органның атауы көрсетіледі.
47. Туу туралы куәліктерді жою үшін туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші орган басшысының бұйрығына сәйкес комиссия құрылады. Тіркеуші органның қызметкерлері қатарынан құрамында кемінде үш адамы бар комиссия қалыптастырылады.
48. Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші органның басшысы бекітеді.
49. Туу туралы куәлікті алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Туу туралы куәлікті ресімдеу,
беру, ауыстыру, тапсыру,
алып қою және жою қағидалары
Қосымша 1
Нысан
______________________
(тіркеуші орган атауы)
______________________
(өтініш берушінің аты,
әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
мекен-жайы:
_______________________
№ тел. ________________
Тууды мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Бала туралы мәлімет:
Аты ______________________________ Әкесінің аты _____________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні"__"_______20__ ж. Жынысы _________________________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Саны бойынша анасының нешінші баласы ________________________________
Баланың туу фактін растайтын құжат туралы мәлімет
_____________________________________________________________________
Баланың заңды мекен-жайы ____________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты _____________________ Әкесінің аты (бар болғанда) _______________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні "___"_______ 20___ ж. _____ Ұлты _________________________
Жасы: ___________________________ Азаматтығы ________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
_____________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты __________ Әкесінің аты (бар болғанда) __________________________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні "___"__________ 20___ ж. Ұлты ____________________________
Жасы: _____________________ Азаматтығы ______________________________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
_____________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ___________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________________
"___"___________ 20__ ж. Қолы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім
20___ ж."____"__________________
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушы лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Журнал бойынша № ________
---------------------------------------------------------------------
(жұлып алу сызығы)
20__ ж. "___"______________ қарауға қабылданған өтініш туу тіркеу туралы
20__ ж. "___"______________ Қарау нәтижелері хабарланған болады
Маман ______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)
Туу туралы куәлікті беру,
ресімдеу, ауыстыру, тапсыру,
алып қою және жою қағидаларына
2 қосымша
Нысан
«Бекітемін»
__________________________
Тіркеуші органның басшысы
__________________________
Т.А.Ә (бар болғанда).
2013 ж. «____»____________
Туу туралы куәліктерді жою актісі
Мынадай құрамдағы біз, төменде қол қоюшылар:
1. __________________________________________________________________
(лауазымы) Т.А.Ә (бар болғанда).
2. __________________________________________________________________
(лауазымы) Т.А.Ә (бар болғанда).
3. __________________________________________________________________
(лауазымы) Т.А.Ә(бар болғанда).
№ ________________________________________________________________туу
туралы куәліктердің жойылғаны туралы осы актіні жасадық.
Қосымша: жойылған туу туралы куәліктердің көшірмелері.
________________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).
_______________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).
_______________________________
қолы, Т.А.Ә (бар болғанда).
Орын.: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)