"Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 мамырдағы № 11-400 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 10 маусымда № 3219 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мадияр Жуанышпекович Оразалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мадияр Жуанышпекович Оразалиевке осы қаулының ресми жариялауын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-400 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, №241.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      15.Міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
       2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
      6) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер)
      меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін құралдардың болуына мемлекеттік бақылау;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктерінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына мемлекеттік бақылау;
      4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау;
      7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге бару;
      2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрату, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
      3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге;
      4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
      5) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
      6) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасау;
      7) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 05.02.2016 № 5-80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) банк шоттарын ашады;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      7) қаланың әкімі тағайындаған қызметкерлерді қоспағанда, Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады және осыған дербес жауап береді;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган"

Постановление акимата города Талдыкорган Алматинской области от 08 мая 2015 года № 11-400. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 10 июня 2015 года № 3219. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкорган Алматинской области от 27 июня 2016 года № 29-420

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкрган Алматинской области от 27.06.2016 № 29-420.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года №410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" (далее – Положение) согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" (Оразалиев Мадияр Жуанышпекович) в установленном законодательством порядке осуществить регистрацию Положения в органах юстиции.
      3. Руководителю государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" Оразалиеву Мадияру Жуанышпековичу осуществить официальное опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и интернет-ресурсе акимата города, а также в газете "Талдыкорган", периодическом печатном издании, получившим право официального опубликования нормативных правовых постановлений акимата города и нормативных правовых решений акима города.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города, курирующего сферу жилищных отношений.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Е. Алпысов

  Приложение утвержденное постановлением акимата города Талдыкорган № 11-400 от 8 мая 2015 года

Положение о государственном учреждении "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере жилищного фонда.
      2. Отдел ведомств не имеет.
      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счет в органах казначейства.
      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7.Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, улица Абая, №241.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом
Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из республиканского и местного бюджета.
      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если, Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      14. Миссия Отдела: осуществление государственного контроля в сфере управления жилищным фондом.
      15. Задачи:
      1) организация технического обследования общего имущества объекта кондоминиума;
      2) определение перечня, периодов и очередности проведения отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      3) согласование сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, представленной органом управления объекта кондоминиума, финансируемых с участием жилищной помощи;
      4) участие в комиссиях по приемке выполненных работ по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      5) определение обслуживающей организации в случае, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) проведение проверки наличия отчета по управлению объектом кондоминиума при обращении собственников помещений (квартир) объекта кондоминиума;
      7) иные задачи, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) государственный контроль за соблюдением порядка использования, содержания, эксплуатации и ремонта общего имущества собственников помещений (квартир) в объекте кондоминиума и территорий прилегающей к объекту кондоминиума;
      2) государственный контроль за наличием в жилых домах (жилых зданиях) общедомовых приборов учета тепло-, энерго, газо- и водоресурсов;
      3) государственный контроль за техническим состоянием общего имущества собственников помещений в объекте кондоминиума и его инженерного оборудования, своевременным выполнением работ по его содержанию и ремонту в соответствии с действующими нормативно-техническими и проектными документами в области строительства и жилищно-коммунального хозяйства;
      4) государственный контроль за осуществлением мероприятий по подготовке жилого дома (жилого здания) к сезонной эксплуатации;
      5) государственный контроль за выполнением принятых решений и предписаний по устранению выявленных нарушений;
      6) государственный контроль за качеством работ, выполненных по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      7) составление протоколов и рассмотрение дел об административных правонарушениях;
      8) осуществление иных функций, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) при предъявлении служебного удостоверения посещать проверяемый объект во время проведения проверки;
      2) при проведении проверки запрашивать любую необходимую информацию, знакомиться с оригиналами документов, относящихся к предмету проверки;
      3) проводить проверки в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;
      4) не препятствовать установленному режиму работы проверяемого объекта в период проведения проверки;
      5) обеспечивать сохранность полученных документов и сведений, полученных в результате проведения проверки;
      6) составлять акты о нарушениях правил содержания общего имущества объекта кондоминиума;
      7) выносить обязательные для исполнения предписания по устранению нарушений правил содержания общего имущества объекта кондоминиума;
      8) в пределах своей компетенции осуществление иных прав и обязанностей, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным постановлением акимата города Талдыкороган Алматинской области от 05.02.2016 № 5-80 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом города Талдыкорган.
      20. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      21. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) без доверенности действует от имени Отдела;
      2) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      3) заключает договоры;
      4) выдает доверенности;
      5) открывает банковские счета;
      6) в пределах своей компетенции издает приказы;
      7) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников Отдела, кроме сотрудников, назначаемых акимом города;
      8) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      9) организует работу по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      24. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.