Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 11-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 5-80 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 16 наурызда № 3752 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 18-тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 маусымдағы № 3219 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 26 маусымында № 28 жарияланған) № 11-400 қаулысымен бекітілген "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге".
      2. "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялануын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады