"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Сәуле Аманбайқызы Арзанбекова) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
3. "Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сәуле Аманбайқызы Арзанбекова осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қала әкімі | Б. Қарасаев |
Талдықорған қаласы әкімдігінің | |
2015 жылғы "30" қарашадағы № 34-1245 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1.Жалпы ережелер
1. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 272.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: Талдықорған қаласында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру.Міндеттері:
1) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қалада Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
3) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
3) саяси партияларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысында мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық ұйымдастырушылық көмек көрсету;
6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша қала аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
10) "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшасының өкілеттігі:
1) "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
6) "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкіліттіктерді жүзеге асырады.
"Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстығы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммунальдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.