"Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 39-1349 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 29 қаңтарда № 3685 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Аслан Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аслан Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетов осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Кайрат Найманбаевич Булдыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "29" желтоқсандағы № 39-1349 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1.,"Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3..Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы.бар.
      7.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9..Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26 "Б".
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11..Осы Ереже "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру.
      15..Міндеттері:
      1) қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) қала аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16..Функциялары:
      1) қаланың заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарын, заңнамада белгiленген тәртiппен қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған iргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      3) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы қала халыққа хабарлап отыру;
      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
      5) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлi жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және iске асыру;
      6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде шешiмдер қабылдау;
      7) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарықтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектiнi) консервациялау, жергiлiктi маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
      8) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету;
      11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1)."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3).жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4).жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
      5).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1)."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      2)."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      3)."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4).өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5).мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6)."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22.. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24..Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25.."Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"

Постановление акимата города Талдыкорган Алматинской области от 29 декабря 2015 года № 39-1349. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 января 2016 года № 3685. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкорган Алматинской области от 27 июня 2016 года № 29-420

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкрган Алматинской области от 27.06.2016 № 29-420.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" (далее – Положение) согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" (Нұрмұхамбетов Аслан Нұрмұхамбетұлы) в установленном законодательством порядке осуществить регистрацию Положения в органах юстиции.
      3. Руководителю государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" Нұрмұхамбетову Аслану Нурмухамбетұлы осуществить официальное опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и интернет-ресурсе акимата города, а также в газете "Талдыкоргана", периодическом печатном издании, получившим право официального опубликования нормативных правовых постановлений акимата города и нормативных правовых решений акима города.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Булдыбаева Кайрата Найманбаевича.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Б. Карасаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата города Талдыкорган от "29" декабря 2015 года № 39-7349

Положение о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"
1. Общие положения

      1..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства на территории города.
      2..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" не имеет ведомств.
      3..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" и другими актами,
      предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8..Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9..Местонахождение юридического лица: индекс 040000, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, улица Кабанбай батыра, № 26 "Б".
      10..Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана".
      11..Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" осуществляется из местного бюджета.
      13..Государственному учреждению "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана".
      Если государственному учреждению "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"

      14..Миссия государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана": осуществление архитектурной и градостроительной деятельности на территории города.
      15..Задачи:
      1) проведение государственной политики в области архитектуры и градостроительства на территории города;
      2) осуществление деятельности в градостроительном планировании, организации и развитии территорий города и населенных пунктов;
      3) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      16..Функции:
      1).координация деятельности по реализации утвержденного в установленном законодательством порядке генерального плана города, комплексной схемы градостроительного планирования прилегающих территорий (проекта районной планировки), отнесенных в установленном законодательством порядке к зоне влияния города;
      2) организация разработки и внесение на одобрение в городской маслихат проекта генерального плана города, проектов установления и изменения городской черты и границ пригородной зоны, а также границ подведомственных административных районов и населенных пунктов-спутников;
      3) информирование населения города о планируемой застройке либо иных градостроительных изменениях;
      4) предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;
      5) утверждение и реализация градостроительных проектов, проектов детальной планировки и застройки города и пригородной зоны;
      6) принятие решений по выбору, предоставлению, а в случаях, предусмотренных законодательными актами, и изъятию для государственных нужд земельных участков на подведомственной территории для застройки или иного градостроительного освоения;
      7) принятие решений о строительстве (расширении, техническом перевооружении, модернизации, реконструкции, реставрации и капитальном ремонте) строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строек (объектов), проведении комплекса работ по постутилизации объектов местного значения;
      8) регистрация актов приемки объектов в эксплуатацию и ведение учета объектов (комплексов), вводимых в эксплуатацию;
      9) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства;
      10) оказание государственных услуг в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;
      11) в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1).вносить на рассмотрение акима города и городского маслихата предложения по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана";
      2).запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      3).осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      4) в установленном законодательством порядке рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения

      "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"
      18..Руководство государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" задач и осуществление им своих функций.
      19..Первый руководитель государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" назначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      20..Первый руководитель государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" не имеет заместителей.
      21..Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана":
      1).в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана";
      2).в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана";
      3).в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана";
      4).в пределах своей компетенции издает приказы;
      5).в пределах своей компетенции представляет интересы государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" в государственных органах и иных организациях;
      6).противодействует коррупции в государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" с установлением за это персональной ответственности;
      7).осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"

      22..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23..Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" относится к коммунальной собственности.
      24..Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана"

      25..Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Талдыкоргана" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.