"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Айтова Мейрамгүл Қазбекқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Айтова Мейрамгүл Қазбекқызына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Сагитдинов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Қ. Ахметтаев |
Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі № 50-204 шешімімен бекітілген қосымша |
"Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі Қапшағай қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекеме хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, №13.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалалық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.15. Міндеттері:
1) қалалық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) қалалық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, қалалық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) қалалық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық – талдау қызметтерін көрсету;
2) қалалық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;
2) қалалық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын қалалық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.19. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
21. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
"Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.
4. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
23. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін."Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.