"Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 177 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 29 шілдеде № 3310 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.01.2017 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Андасов Болат Тұрсұнұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабайұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 177 қаулысымен бекітілген қосымша

"Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, № 34.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып
      табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: қала аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      1) қала аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) қала аумақтары мен елді мекендерде қала құрылысын жоспарлау, ұйымдастыру және дамытуда қызметті жүзеге асыру;
      15. Функциялары:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген қала аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (қалалық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
      2) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
      3) қала аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
      6) жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және
      қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели"

Постановление акимата города Текели Алматинской области от 26 июня 2015 года № 177. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 29 июля 2015 года № 3310. Утратило силу постановлением акимата города Текели Алматинской области от 27 января 2017 года № 22

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Текели Алматинской области от 27.01.2017 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Текели ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели" Андасова Болата Турсуновича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет–ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет–ресурсе акимата города.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Бельдебекова Болата Далабаевича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Текели Т. Кайнарбеков

  Приложение утвержденное постановлением акимата города Текели от 26 июня 2015 года № 177

Положение о государственном учреждении "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектуры и градостроительства на территории города.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско–правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 041700, Республика Казахстан, Алматинская область, город Текели, улица Абылай хана, № 34.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Текели".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Отдела

      13. Миссия Отдела: осуществление архитектурной и градостроительной деятельности на территории города.
      14. Задачи:
      1) проведение государственной политики в области архитектуры и градостроительства на территории города;
      2) осуществление деятельности в градостроительном планировании, организации и развитии территорий города и населенных пунктов.
      15. Функции:
      1) координация деятельности по реализации, утвержденной в установленном законодательством порядке комплексной схемы градостроительного планирования территории города (проекта городской планировки), генеральных планов сельских населенных пунктов;
      2) реализация градостроительных проектов, разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (схем территориального развития) населенных пунктов;
      3) организация разработки схем градостроительного развития территории города, а также проектов генеральных планов сельских населенных пунктов;
      4) предоставление в установленном порядке информации и (или) сведений для внесения в базу данных государственного градостроительного кадастра;
      5) ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов в порядке, установленном законодательством;
      6) информирование населения о планируемой застройке либо иных градостроительных изменениях;
      7) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;
      16. Права и обязанности:
      1) вносить на рассмотрение акима города и городского маслихата предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      3) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      4) в установленном законодательством порядке рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Отдела

      17. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      19. Первый руководитель Отдела не имеет заместителей.
      20. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Отдела

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему
      собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за Отделом относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Отдела

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.