Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы "Бейбітшілік" көшесін - "Қожахмет Оразбаев" көшесі, "Садовая" көшесін - "Арыслан Муртазин" көшесі, "Арычная" көшесін - "Нұртай Жатқанбайұлы" көшесі және "Жансүгіров" көшесіндегі № 39 дан № 50 ге дейінгі аралықты "Қызайхан Ыдырысов" көшесі деп қайта аталсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Жатақбаева Сая Нұрсапақызы осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Н. Колдейбаев |