Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы "Бейбітшілік", "Садовая", "Арычная" көшелері және "Жансүгіров" көшесі № 39 дан № 50 ге дейінгі аралықты қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3667 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Арасан ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысы онамастикалық комиссияның қорытынды негізінде, Ақсу ауданы Арасан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы "Бейбітшілік" көшесін - "Қожахмет Оразбаев" көшесі, "Садовая" көшесін - "Арыслан Муртазин" көшесі, "Арычная" көшесін - "Нұртай Жатқанбайұлы" көшесі және "Жансүгіров" көшесіндегі № 39 дан № 50 ге дейінгі аралықты "Қызайхан Ыдырысов" көшесі деп қайта аталсын.
      Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Жатақбаева Сая Нұрсапақызы осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Н. Колдейбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады