РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "2015 жылға арналған Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы" 2015 жылғы 12 ақпандағы № 74 Алматы облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.
"Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Әлімғожаев Өміртай), "Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттері бар Алматы облысының Жамбыл аудандық Ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Мамутов Ермек Қапарұлы) және ауылдық округтер әкімдері аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Жамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" № 643 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 28 қазанда № 2898 тіркелген, 2014 жылғы 01 қарашада аудандық "Атамекен" газетінде № 44 (5724) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Жұмабек Тоқаұлы Чажабаевқа жүктелсін.
Жамбыл ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Әлімғожаев Өміртайға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Далабаев |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" наурыздағы "Жамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" № 250 қаулысына қосымша |