Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 479 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы " Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы " № 964 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі Ж. Далабаев

  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2016 жылғы "26" қыркүйектегі № 479 қаулысына қосымша

      1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 наурыздағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша" тізбесін белгілеу туралы" № 144 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 наурыздағы № 2-7-134 болып енгізіліп, "Атамекен" газетінің 2012 жылғы 04 сәуірдегі №14 (5593) санында жарияланған);
      2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі "Жамбыл ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 448 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 24 шілдесіндегі № 2782 тіркелген, "Атамекен" газетінің 2014 жылғы 26 шілдедегі № 30 (5710) жарияланған;
      3. "Жамбыл ауданының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы 2015 жылғы 18 наурыздағы № 249 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3136 болып енгізіліп, "Атамекен" газетінің 2015 жылғы 01 мамырдағы № 18 (5750) санында жарияланған;
      4. "Жамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" 2015 жылғы 18 наурыздағы № 250; (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 3137 тіркелген, "Атамекен" газетінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 17(5749) жарияланған;
      5. "Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты", "Жамбыл ауданының Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппараты", " Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережелерін бекіту туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 394 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 09 шілдесіндегі № 3276 тіркелген, "Атамекен" газетінің 2015 жылғы 24 шілдесіндегі № 30 (5762) жарияланған
      6. "Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы 2015 жылғы 24 шілдедегі № 534 ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 28 шілдедегі № 3362 тіркелген), "Атамекен" газетінің 2015 жылғы 24 қыркүйектегі № 39 (5771) жарияланған;
      7. "Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 618 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 қазандағы №3476 тіркелген);
      8. Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы 2015 жылғы 1 қазандағы № 662 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 05 қарашадағы № 3527 тіркелген); "Атамекен" газетінің 2015 жылғы 26 қараша № 47 (5779) жарияланған;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады