"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
2. "Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Н. Нұрлыбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ. Досанов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ. Тастанбаев |