Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі "Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 57-312 шешімінің күші жойылды деп танылсын

Жаңа

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 64-361 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі "Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 28 қазанында № 3506 тіркелген, "Жетісу шұғыласы" газетінде 2015 жылдың 13 қарашасында № 47 жарияланған) № 57-312 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескелді ауданы мәслихатының
      V шақырылымындағы
      LХIV сессиясының төрағасы А. Шаихов
      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы Қ. Тастанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады