"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Серік Сайлауханұлы Камзановқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Төленұлы Тынышбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а | Н.Жұмәділ |
Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "01" қазандағы "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-871 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, № 213.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлер субъектілерімен " Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.14. Міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
15. Функциялары:
1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
2) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
3) ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
4) ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
5) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6) спортшыларға: 2- разрядты спортшы, 3- разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік - разрядты спортшы, 2 - жасөспірімдік - разрядты спортшы, 3 - жасөспірімдік - разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары жоқ.
20. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімше директорының, " Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы құрылымдық бөлімше директорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
4) "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, қарамағындағы құрылымдық бөлімше директорын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Қарасай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.