Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 68-241 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Амандосов Серік Жапарұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Жапарқұлов |
Қаратал аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Смаилов |