Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 68-241 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 сәуірде № 5467 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қаратал аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49-206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3433 тіркелген, 2015 жылдың 25 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49-207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3432 тіркелген, 2015 жылдың 28 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Досымбаева Алия Толендиноваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Кумаров
      Қаратал аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Смаилов

  Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурызы № 68-241 шешіміне қосымша

Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

Жалпы ережелер

      1. Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық округтер әкімдіктерінің бекітуі арқылы өтініш талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

      Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Қаратал ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады