"Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 550 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3665 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы Алиянов Рысбек Ауздықбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асхат Мейрамғалиұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Бисембаев

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 550 қаулысымен бекітілген қосымша

"Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп жүргізу және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абылай хан даңғылы, № 14.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: бюджетті атқару, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) бюджет ақшасын басқару;
      2) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      3) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
      4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу;
      5) мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асыру;
      6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қаржылық есептілікті қабылдау;
      7) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну;
      8) есепті қаржы жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      10) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
      12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырады;
      13) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      14) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
      15) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалануды, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастыру;
      16) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, ол жаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      17) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      18) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Қаратал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Каратальский районный Финансовый отдел"

Постановление акимата Каратальского района Алматинской области от 26 ноября 2015 года № 550. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 30 декабря 2015 года № 3665. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района Алматинской области от 13 сентября 2016 года № 300

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каратальского района Алматинской области от 13.09.2016 № 300.
      В соответствии c подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каратальского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Каратальский районный финансовый отдел" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Каратальский районный финансовый отдел" Алиянова Рысбека Ауздыкбаевича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калиаскарова Асхата Мейрамгалиевича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района К. Бисембаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата Каратальского района от 26 ноября 2015 года № 550

Положение о государственном учреждении

"Каратальский районный финансовый отдел"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Каратальский районный финансовый отдел" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения бюджета, ведения отчетности по исполнению местного бюджета и управления районной коммунальной собственностью.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 041000, Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район, город Уштобе, проспект Абылай хана, № 14.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Каратальский районный финансовый отдел".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия Отдела: реализация функции государственного управления в сфере исполнения бюджета, координации управления районным коммунальным имуществом.
      14. Задачи:
      1) реализация государственной политики в области исполнения бюджета;
      2) координация управления районным коммунальным имуществом в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) управление бюджетными деньгами;
      2) организация исполнения бюджета и координация деятельности администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;
      3) составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам по местному бюджету;
      4) внесение изменении по месячным объемам расходов по бюджетной программе необходимых администраторам бюджетных программ;
      5) осуществление возврата из бюджета и (или) зачета излишне (ошибочно) уплаченных сумм поступлений по кодам классификации поступлений в бюджет единой бюджетной классификации на основании платежных поручений органов государственных доходов;
      6) принятие финансовой отчетности от администраторов бюджетных программ;
      7) предоставление консолидированной финансовой отчетности в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;
      8) предоставление годовой отчетности об исполнении бюджета района за отчетный финансовый год с приложениями в акимат, уполномоченный орган района по государственному планированию и уполномоченный Правительством Республики Казахстан орган по внутреннему контролю;
      9) управление районным коммунальным имуществом, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, осуществление мер по его защите;
      10) организация приватизации районного коммунального имущества;
      11) проведение конкурса в соответствии с законодательством Республики Казахстан по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации районного коммунального имущества;
      12) предоставление районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан;
      13) обеспечение контроля за использованием и сохранностью районного коммунального имущества;
      14) осуществление контроля и анализа выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, созданных местный исполнительный орган района, контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью;
      15) организация использования районного коммунального имущества, в том числе передачи его в залог, имущественный наем (аренду), безвозмездное пользование и доверительное управление, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан;
      16) организация учета, хранения, оценки и дальнейшего использования районного коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безнадзорных животных, безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, доли кладов, не содержащих вещей, относящихся к культурным ценностям;
      17) осуществление контроля за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления районным коммунальным имуществом;
      18) осуществление приватизации районного коммунального имущества, в том числе привлечение посредника для организации процесса приватизации, обеспечение оценки объекта приватизации, осуществление подготовки и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;
      19) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) разрабатывать проекты нормативных правовых актов акима, акимата города входящих в компетенцию Отдела;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Каратальского района.
      19. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      22. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.