Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 20.02.2024 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Тоқпейісов |