Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Халелов |
2024 жылғы 20 ақпандағы № 71 қаулысына қосымша |
Көксу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы "Көксу ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №294 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-14-104 болып тіркелген);
2. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 341 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 болып тіркелген);
3. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Көксу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №14 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2571 болып тіркелген);
4. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 10 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 болып тіркелген);
5. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы "Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" №367 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4029 болып тіркелген);
6. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4068 болып тіркелген).