Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 33 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 19 наурызда № 3104 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 264 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Райымбек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы "Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 26 ақпанда № 2599 тіркелген, 2014 жылы 15 наурызда аудандық "Хан тәңірі" газетінің № 11 (7813) жарияланған) № 56 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
      4. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зықаев Халық Сансызбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Райымбек ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы М. Нурдавлетов

Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Райымбекскому району

Постановление акимата Райымбекского района Алматинской области от 24 февраля 2015 года № 33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 19 марта 2015 года № 3104. Утратило силу постановлением акимата Райымбекского района Алматинской области от 13 сентября 2016 года № 264

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Райымбекского района Алматинской области от 13.09.2016 № 264.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии 5-6) пункта статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Райымбекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест по Райымбекскому району.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Райымбекского района от 3 февраля 2014 года № 56 "Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций и инвалидов по Райымбекскому району" (зарегистрированного в государственном Реестре нормативных правовых актов 26 февраля 2014 года № 2599, опубликованного в районной газете "Хан танири" 15 марта 2014 года № 11 (7813)).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима района.
      4. Возложить на руководителя отдела занятости и социальных программ Райымбекского района Зыкаева Халыка Сансызбаевича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Временно исполняющий
      обязанности акима
      Райымбекского района М. Нурдавлетов