Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 24.02.2015 № 33 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2), 5-6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Райымбек ауданы бойынша мүгедектер және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Қ. Медеуов |
КЕЛІСІЛДІ: |
|
"Райымбек аудандық жұмыспен |
|
қамту және әлеуметтік |
|
бағдарламалар бөлімі" |
|
мемлекеттік мекемесінің |
|
басшысы |
Зықаев Халық Сансызбайұлы |