Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жылысай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жылысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылысай ауылдық округіндегі Шыбышы ауылының батыс жағында орналасқан жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері «Жолдасбаев Омарбек» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Т. Әлдибеков |