Жылысай ауылдық округі Шыбышы ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 01-02 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 3043 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жылысай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жылысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жылысай ауылдық округіндегі Шыбышы ауылының батыс жағында орналасқан жаңа көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері «Жолдасбаев Омарбек» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Т. Әлдибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады