Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 5-54-366 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 26 қазанда № 3499 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 5-60-398 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 01.02.2016 № 5-60-398 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Нұралинова Күлбан Нұртайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Оңласынов
      Мәслихат хатшысы Т. Оспанов

О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Панфиловскому району

Решение Панфиловского районного маслихата Алматинской области от 28 сентября 2015 года № 5-54-366. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 26 октября 2015 года № 3499. Утратило силу решением Панфиловского районного маслихата Алматинской области от 01 февраля 2016 года № 5-60-398

      Сноска. Утратило силу решением Панфиловского районного маслихата Алматинской области от 01.02.2016 № 5-60-398.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", Панфиловский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога и единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Панфиловскому району.
      2. Возложить на главного специалиста аппарата районного маслихата Нуралинову Кульбан Нуртаевну опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Панфиловского районного маслихата "По вопросам бюджета, экономики, аграрным, предпринимательства, производства, автомобильных дорог и строительства".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии М. Онласынов
      Секретарь маслихата Т. Оспанов