Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі "Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" № 5-54-366 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 5-60-398 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі "Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" № 5-54-366 шешімінің (2015 жылғы 26 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3499 тіркелген, "Жаркент өңірі" газетінің 2015 жылғы 5 қарашадағы 46 (8784) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж.Ақшалов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Т.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады