Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйғыр аудандық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аликеева Кульжахан Кәкішқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Модинұлы Деменбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Бекмуханбетов |
Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Шонжы ауылдық округі бойынша:1) Шонжы ауылы, А. Арзиев және Назугум көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Шонжы ауылы, А. Арзиев және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Шонжы ауылы, Құдайбергенов және К. Исламов көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, № 35, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының Ұйғыр аудандық бөлімі ғимаратының жанындағы стенд.
2. Бахар ауылдық округі бойынша:
1) Бахар ауылы, Розыбакиев көшесі, нөмірсіз, Бахар ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Шырын ауылы, Тың және Жастар көшелерінің қиылысындағы стенд.
3. Тасқарасу ауылдық округі бойынша:
1) Тасқарасу ауылы, Сейфуллин көшесі, № 28, Тасқарасу Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Тасқарасу ауылы, Розыбакиев көшесі, № 25, Тасқарасу дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд.
4. Шарын ауылдық округі бойынша:
1) Шарын ауылы, Жібек жолы және Қасымов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Шарын ауылы, Розыбакиев және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы стенд.
5. Сүмбе ауылдық округі бойынша:
1) Сүмбе ауылы, Қасымқан және Райымбек көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Сүмбе ауылы, Момышұлы көшесі, № 1, Сүмбе ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Шошанай ауылы, Нұров көшесі, № 16, Шошанай ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
6. Қырғызсай ауылдық округі бойынша:
1) Қырғызсай ауылы, Абай және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Қырғызсай ауылы, Абай көшесі, № 98, Қырғызсай фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Рахат ауылы, Жерұйық көшесі, № 2, Рахат медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
7. Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша:
1) Үлкен Ақсу ауылы, Тохнияз және Кадыров көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Үлкен Ақсу ауылы, Розыбакиев және Тохнияз көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Кіші Ақсу ауылы, Убулов көшесі, № 33, Кіші Ақсу ауылдық клуб ғимаратының жаныныдағы стенд;
4) Долайты ауылы, Розахунов көшесі, № 3, Долайты ауылдық клуб ғимаратының жаныныдағы стенд.
8. Ават ауылдық округі бойынша:
1) Ават ауылы, Искандеров көшесі, № 29, Ават ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
9. Тиірмен ауылдық округі бойынша:
1) Тиірмен ауылы, Насыров көшесі, № 27, Тиірмен ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ұзынтам ауылы, Астана және Мұзбалақ көшелерінің қиылысындағы стенд.
10. Ақтам ауылдық округі бойынша:
1) Ақтам ауылы, Абай және Ғожамьяров көшелерінің қиылысындағы стенд.
11. Дардамты ауылдық округі бойынша:
1) Дардамты ауылы, Ушуров көшесі, № 9, Дардамты ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ардолайты ауылы, Абдрахманов көшесі, № 21, Ардолайты ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд;
3) Добын ауылы, Тохтыбакиев және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Сұңқар ауылы, Матжанов көшесі, № 24, Сұңқар ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
12. Кетпен ауылдық округі бойынша:
1) Кетпен ауылы, Жалилов көшесі, № 28, Кетпен ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Кетпен ауылы, Әуелбеков және Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Кепебұлақ ауылы, Нұрғали көшесі, № 6а, Кепебұлақ ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд.
13. Кіші Диқан ауылдық округі бойынша:
1) Кіші Диқан ауылы, Абай көшесі, нөмірсіз, Кіші Диқан мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Кіші Диқан ауылы, Абай және Мұхамеджанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Үлкен Диқан ауылы, И. Бахтия және Жамбыл көшелерінің қиылысындағы стенд.
14. Қалжат ауылдық округі бойынша:
1) Қалжат ауылы, Розыбакиев көшесі, № 48, Қалжат Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд.
Ұйғыр ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Шонжы ауылдық округі бойынша:1) Шонжы ауылы, Исламов көшесі, № 31, Мәдениет үйінің акті залы;
2) Шонжы ауылы, Искандеров көшесі, № 135, Молотов атындағы орта мектептің акті залы.
2. Бахар ауылдық округі бойынша:
1) Бахар ауылы, Розыбакиев көшесі, нөмірсіз, Бахар ауылдық клубының акті залы;
2) Шырын ауылы, Розыбакиев көшесі, № 15, Шырын орта мектебінің акті залы.
3. Тасқарасу ауылдық округі бойынша:
1) Тасқарасу ауылы, Сейфуллин көшесі, № 32, Тасқарасу орта мектебінің акті залы.
4. Шарын ауылдық округі бойынша:
1) Шарын ауылы, Розыбакиев көшесі, № 13, Мәдениет үйінің акті залы.
5. Сүмбе ауылдық округі бойынша:
1) Сүмбе ауылы, Қасымқан көшесі, № 1, Сүмбе орта мектебінің акті залы;
2) Сүмбе ауылы, Момышұлы көшесі, № 1, Сүмбе ауылдық ауруханасы;
3) Шошанай ауылы, Нұров көшесі, № 16, Шошанай ауылдық клубы.
6. Қырғызсай ауылдық округі бойынша:
1) Қырғызсай ауылы, Жандосов көшесі, № 17, Қырғызсай орта мектебінің акті залы;
2) Рахат ауылы, Жерұйық көшесі, № 1, Рахат орта мектебінің акті залы.
7. Үлкен Ақсу ауылдық округі бойынша:
1) Үлкен Ақсу ауылы, Юсупов көшесі, № 3, Садвакасов атындағы орта мектептің акті залы;
2) Долайты ауылы, Ибраим көшесі, № 33, Долайты орта мектебінің акті залы;
3) Кіші Ақсу ауылы, Убулова көшесі, № 26, Кіші Ақсу ауылдық клубы.
8. Ават ауылдық округі бойынша:
1) Ават ауылы, Искандеров көшесі, № 29, Ават ауылдық клубы.
9. Тиірмен ауылдық округі бойынша:
1) Тиірмен ауылы, Насыров көшесі, № 27, Тиірмен ауылдық клубы;
2) Ұзынтам ауылы, Астана көшесі, нөмірсіз, Мақсатов атындағы орта мектептің акті залы.
10. Ақтам ауылдық округі бойынша:
1) Ақтам ауылы, Каме көшесі, № 12, Ақтам ауылдық клубы.
11. Дардамты ауылдық округі бойынша:
1) Дардамты ауылы, Ушуров көшесі, № 9, Дардамты ауылдық клубы;
2) Ардолайты ауылы, Абдрахманов көшесі, № 21, Ардолайты ауылдық клубы;
3) Добын ауылы, Тохтыбакиев көшесі, № 16, Добын орта мектебінің акті залы;
4) Сұңқар ауылы, Матжанов көшесі, № 24, Сұңқар ауылдық клубы.
12. Кетпен ауылдық округі бойынша:
1) Кетпен ауылы, Жалилов көшесі, № 11, М. Жалилов атындағы орта мектептің акті залы;
2) Кепебұлақ ауылы, Нұрғали көшесі, № 6а, Кепебұлақ ауылдық клубы.
13. Кіші Диқан ауылдық округі бойынша:
1) Кіші Диқан ауылы, Мухамеджанов көшесі, № 7, Кіші Диқан ауылдық клубы;
2) Үлкен Диқан ауылы, И. Бахтия көшесі, № 51, Үлкен Диқан орта мектебінің акті залы.
14. Қалжат ауылдық округі бойынша:
1) Қалжат ауылы, Розыбакиев көшесі, № 48, Мәдениет үйі.