РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №574 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Әбдірайымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Манжуов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
06.05.2015 жыл
Жамбыл облысы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "29" сәуірдегі № 73 қаулысына қосымша |