Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 272 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 2839 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Cубсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. "2015 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2648 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Мамытбеков
      19.11.2015 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы "16" қараша
№ 272 қаулысына қосымша

Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары


Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
1 тоннаға (литр, килограмм) субсидиялар нормалары, теңге
1.
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28 900
2.
Аммофос (N-10%: P2О5-46%)
тонна
50
45 000
3.
Жай суперфосфат (P2О5-19%)
тонна
50
24 500
4.
Фосфоритті ұн (P2О5-17%)
тонна
50
8 210
5.
Хлорлы калий (К2О-42%; KCL-65%)
тонна
50
44 000
6.
Күкірт қышқылды калий (К2О 50%)
тонна
50
106 000
7.
Азотты-фосфорлы-калийлі кешенді минералды тыңайтқыш (NPK қосындысы)
тонна
50
54 000
8.
"Супрефос-NS" азот-күкірт құрамды супрефос
тонна
50
43 500
9.
"В" маркалы суперфосфат (P-15%: K2O-2%)
тонна
50
21 281
10.
Аммонии сульфаты
тонна
50
13500
11.
Кальций нитраты Yara Liva Calcinit
тонна
50
89000
12.
Kristalon Cucumber 14-11-31
тонна
50
260500
13.
Kristalon Special 18-18-18
тонна
50
218000
14.
Kristalon Red 12-12-36
тонна
50
233000
15.
Kristalon Yellow 13-40-13
тонна
50
254500

Субсидияланатын шетелдік тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары


Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
1 тоннаға (литр, килограмм) субсидиялар нормалары, теңге
1.
Карбамид (N-46,3%) (Ресей, Өзбекстан)
тонна
30
28200
2.
"Б" маркалы карбамид (Өзбекстан)
тонна
30
21900
3.
КАҚ (сұйық тыңайтқыш N-27-33%) (Өзбекстан)
тонна
30
16 500
4.
Капролактамды аммоний сульфаты (N-21%) (Өзбекстан)
тонна
30
17 700
5.
Нитроаммофоска (N-15: P-15: К-15) (Ресей)
тонна
30
36 000
6.
Нитроаммофоска (N-16: P-16: К-16) (Ресей)
тонна
30
38 100
7.
Аммиакты селитрасы (N-34,4%) (Ресей, Өзбекстан)
тонна
30
20700
8.
"Б" маркалы аммиакты селитрасы (N-34,4%) (Өзбекстан, Ресей)
тонна
30
20700
9.
Аммофос (N-12%-. P-205-52%) (Ресей)
тонна
30
42 000
10.
Калии сульфаты (Krista SOP) (Нидерланд)
тонна
30
80 400
11.
Магний сульфаты (Krista Mgs) (Нидерланд)
тонна
30
53 700
12.
Krista MAG (магний нитраты) (Нидерланд)
тонна
30
69 300
13.
Krista K Plus (калий нитраты) (Нидерланд)
тонна
30
102 600
14.
Krista MKP (монокалий фосфаты) (Нидерланд)
тонна
30
159 000
15.
Минералды тыңайтқыш НУТРИВАНТ, Плюс Дәндік (Израиль)
килограмм
30
450
16.
Минералды тыңайтқыш НУТРИВАНТ, Плюс майлы (Израиль)
килограмм
30
450
17.
Минералды тыңайтқыш НУТРИВАНТ, Плюс Картоп (Израиль)
килограмм
30
450
18.
Минералды тыңайтқыш НУТРИВАНТ, Плюс Әмбебап (Израиль)
килограмм
30
450
19.
YaraVita Rexolin D12, темір хелаты DTRA (Нидерланд)
килограмм
30
804,9
20.
YaraVita Rexolin Q40, темір Хелаты EDDHA (Нидерланд)
килограмм
30
745,5
21.
YaraVita Rexolin Cu15, мыс хелаты EDTA (Нидерланд)
килограмм
30
803,7
22.
YaraVita Rexolin Mg13, марганец хелаты EDTA (Нидерланд)
килограмм
30
594,3
23.
YaraVita Rexolin Zn15, мырыш хелаты EDTA (Нидерланд)
килограмм
30
594,3
24.
Vara Vita Tenso Coctail (Нидерланд)
килограмм
30
799,5
25.
YaraVita Rexolin APN (Нидерланд)
килограмм
30
761,7
26.
YaraVita Rexolin AВС (Нидерланд)
килограмм
30
636,9
27.
YaraLiva Brassitrel (Нидерланд)
килограмм
30
367,5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады