Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодекстің 42 бабының 2, 3 тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешIм ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттілігіне ақысыз, рұқсат беру құжаттарынсыз жабайы жеміс, жаңғақ, саңырауқұлақ, дәрілік өсімдік шикізаттарын және орман ресурстарын жинау нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдік шикізаттарын, жабайы жемістерді және басқа да орман ресурстарын тегін пайдалану нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 12-18 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылдың 9 қаңтарында № 1634 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2006 жылдың 17 қаңтарында № 7 (15662) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология және табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
С. Қалманбетов | Б. Қарашолақов |
"Келісілді"
Жамбыл облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы
А. Тынысбеков
"Келісілді"
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының басшысы
Қ. Кемелов
Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-12 шешіміне қосымша |