Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекiту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2037 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашада № 47 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:Көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
тоғызыншы абзацтағы: "20 000" сандары "30 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жиырма мың)" сөздері "(отыз мың)" сөздерімен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "10 000" сандары "15 000" сандарымен ауыстырылсын, "(он мың)" сөздері "(он бес мың)" сөздерімен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "20 000" сандары "30 000" сандарымен ауыстырылсын, "(жиырма мың)" сөздері "(отыз мың)" сөздерімен ауыстырылсын;
7 тармақ келесі мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"-әскери қызметшi қаза болған жағдайда оның отбасына (бiрақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегін барып қайтуына көрсетіледі".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың | Қалалық мәслихат |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
А. Досымбаева | Б. Нарбаев |