Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 4109 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Джузанов
      Тараз қалалық мәслихатының
      хатшысы Б. Кулекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-6 шешіміне қосымша

Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      1. "Бір жолғы талондар құнының ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 20-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 30-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109 болып тіркелген, 2010 жылы 28 шілдеде "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      2. "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі №17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 43-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-135 болып тіркелген, 2011 жылы 9 қарашада "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      3. "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2036 болып тіркелген, 2013 жылы 13 қарашада "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      4. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 28-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2207 болып тіркелген, 2014 жылы 6 мамырда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      5. "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 32-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2325 болып тіркелген, 2014 жылы 1 қазанда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      6. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 37-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2477 болып тіркелген, 2015 жылы 28 қаңтарда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      7. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 40-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2622 болып тіркелген, 2015 жылы 29 сәуірде "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      8. "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 тамыздағы № 42-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2748 болып тіркелген, 2015 жылы 16 қыркүйекте "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады