Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №183 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдедегі №76 (18093) "Знамя труда" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "24" желтоқсандағы №1213 қаулысына қосымша |