"Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1213 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 2876 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тараз қаласында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №183 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдедегі №76 (18093) "Знамя труда" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Төреғұлқызы Қожаеваға жүктелсін.
       3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Календеров

  Тараз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "24"
желтоқсандағы
№1213 қаулысына қосымша

Тараз қаласында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен
жергілікті бюджет есебінен
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
жергілікті бюджет есебінен (теңге)
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
Толық күндік шағын орталықтар
1155
1091
13241
12856
10000
оның ішінде:
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (шағын орталық)
225
0
13241
0
0
Балабақшалар
6318
9197
19165
20723
10000
оның ішінде:
 
 
 
 
 
"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№12 арнайы гастроэнтерологиялық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 "Арнайы туберкулездік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
692
0
24672
10000
"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 "Арнаулы логопедтік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 "Арнайы логопедтік "балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
774
0
22678
10000
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар (балабақша)
2733
0
19165
0
0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады