Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 11 қарашадағы №206 ұсынысы негізінде Көкбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты, Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Махаев Ануарбек Ятаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкбастау ауылдық | |
округінің әкімі | М. Қасымбеков |
Көкбастау ауылдық округінің Көктөбе ауылы аумағына шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
Шешім № 23, 18 желтоқсан 2015 жыл
Келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы ішікі істер департаменті
Жуалы ауданы ішкі істер бөлімі
бастығы полиция полковнигі: Б.А.Налеков
"18" желтоқсан 2015 жыл
Жуалы ауданы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
басқармасының басшысы: М.Искаков
"18" желтоқсан 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесінің басшысы: Е.Ошанов
"18" желтоқсан 2015 жыл