РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2292 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 тамызында №127-128 (2059-2060) аудандық қоғамдық-саяси "Қордай шамшырағы-Кордайский маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Регламентінің 24 тармағының 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi, ал нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге оның жобасы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын (таратылғанын) растайтын құжаттың және сараптамалық қорытынды көшірмесін; жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесін мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Т.Ботабековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |