РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 02/273 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Қордай ауылдық округі Қордай ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы–ветеринары У. Каумбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі |
М. Атшабаров |
"Қордай ауылдық округінің Қордай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" Қордай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 ақпандағы №40 шешіміне келісім парағы.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Баймұхамбетов
2015 жыл "04" ақпан
Қазастан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Қордай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы
С. Баеков
2015 жыл "04" ақпан
"Қордай ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Саулебаев
2015 жыл "04" ақпан